Атырау, 6 желтоқсан 14:58
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысында орташа жалақы 336 мың теңге

3 202 рет қаралды


Статистика департаменті Атырау облысының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын жариялады. Сол есептен қысқаша ақпарат ұсынамыз.

Еңбек нарығы және жалақы 

2019 жылғы желтоқсан айының соңындағы есепте жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 6 108 адамды немесе жалпы жұмыс күшінің 1,8% -ын құрады.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы 336 502 теңгені құрады (2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 15%-ға артық).

Баға

Азық-түлік тауарларының бағасы 8,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 4,8%-ға, ақылы қызметтер бағасы – 3%-ға өсті.

Экономиканың нақты секторы 

Мұнай өндіру 4,7%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 7,3%-ға, электрмен жабдықтау және газ беруде 46,2%-ға өсті, ал сумен қамтуда 7,8%-ға азайды.

2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген заңды тұлғалар саны 12 828 болды.   

Қаржы

2019 жылдың 3-тоқсанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық нәтижесі 898,6 млрд теңге көлемінде табыс түрінде қалыптасты. Есеп бергендердің жалпы санындағы шығынды кәсіпорындардың үлесі 26,6% құрады. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 қаңтар 2020, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.