Атырау, 27 сәуір 22:10
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырау облысы: жемқорлар мемлекеттік сатып алудан «табыс» тауып жүр

3 974 просмотра


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтаған қылмыстың әрбір алтыншы фактісі мемлекеттік сатып алу саласында жасалған. Шығын көлемі 2,5 млрд теңгені құрады. Бұл Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан ӘБІЛХАНОВТЫҢ, облыстық тексеру комиссиясы, ішкі мемлекеттік аудит департаменті және бейінді ведомстволар басшылығының қатысуымен өткен кеңесте талқыланған негізгі тақырып болды.

Өткен жылдың қараша айында «бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталындағы («СЭҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Nadloc» АҚ) деректерге мониторинг жүргізілді. Бұл жүйе онлайн режимінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоспарлау сатысында анықтайды. Камералдық талдаумен 10 мың тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алу жоспарының 130 мыңнан астам пункті қамтылды. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың қатарында бағаны жүйелі түрде көтеру, тапсырыс беруші бюджетінің жасанды түрде өсуі және қаражаттың тиімсіз жұмсалуын көрсетеді. Нақты жеткізушілердің мүдделерін қолдау, техникалық ерекшеліктерді ыңғайландыру, жалған актілерге қол қою – осы салада көбіне қолданылатын қылмыстық әрекеттер, – деп атап өтті Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау облысында мемлекеттік сатып алу мониторингі барысында бағаның жоғарылауы тұрғысынан 43 736 дерек анықталды. Бағаның ең көп көтерілгені мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған мына басқармаларда анықталды: құрылыс басқармасы - 3 038 факті, білім басқармасы және оның мердігерлік ұйымдары - 1596, ішкі саясат басқармасы - 756, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы - 1260, полиция департаменті - 910. Мысалы, ТЖ Департаменті 6 авариялық-құтқару кескішін сатып алуға конкурс жариялады. Құжаттарға сәйкес жабдықтың жалпы құны - 17 560 000 теңге, оның біреуінің нарықтағы құны 422 000 теңгеден 2 900 000 теңгеге дейінгі аралықта. Яғни кескіштің орташа бағасы - 2063 732 теңге.  Осылайша, кескіштердің құны 5 177 608 теңгеге артық есептелген.

Бұл тізімде сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы және оның мердігерлік ұйымдары, Индербор кенті әкімінің аппараты, энергетика және ТКШ басқармасы, Атырау халықаралық әуежайы, «Қазпошта» АҚ Атырау ОФ, «ҚазТрансГаз Аймақ» өндірістік филиалы АҚ  және т.б. ұйымдар бар. Мысалы, Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасы «Techno Sports» ЖШС-не 10 катер сатып алу үшін 20 млн теңге артық төледі. Конкурстың құны  90 млн теңге болды, ал техникалық ерекшеліктерге сәйкес бір катер бағасының ең жоғарғы бағасы 7 млн теңгені құрады. Атырау халықаралық әуежайы «High Technology Sysytems» ЖШС-нен 3 млн теңгеге аркалық металл іздегішін сатып алды. Бұл ретте техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген жабдықтың ең жоғары құны - 2 233 606 теңге. Яғни металл іздегіш құрал үшін 766 394 теңге артық төлеген. 

Сонымен қатар, жосықсыз жеткізушілермен келісімшарт жасасу фактілері де анықталды. Мысалы, «Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген «Строй Снаб Сервис» ЖК-мен шарт жасаған. «Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ және «№1 Атырау қалалық емханасы» КМК сол тізілімде есепте тұрған «АльфаБит» ЖШС-мен келісімшарт жасасты.

Көп жасалған бұзушылықтардың тағы бірі – бір көзден сатып алу. Әр екінші мемлекеттік сатып алуда қолданылған, яғни барлық сатып алудың жалпы сомасы 3,5 трлн теңге болатын 55%-ы. Егер жеткізуші нарықта бірегей және жалғыз болса, зияткерлік меншік объектілерін сатып алуға тікелей шарттар жасасуға заң мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін тудыруы әбден мүмкін.

– Мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы сатып алу салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау бойынша жұмыс жүйелі негізде жалғасатын болады, - деп атап өтті Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері. 

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 қаңтар 2020, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.