Атырау, 6 желтоқсан 15:00
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атыраудан жүктілігі ауыр екі әйел ұшақпен елордаға жеткізілді

3 247 рет қаралды



29 қаңтарда санавиация Атыраудан Нұр-сұлтанға жүктілігі ауыр екі әйелді жеткізді. Енді олар Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында емделіп, жеңілденетін болады. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан хабарлады.

Атырау облыстық перинаталдық орталыққа қаңтар айының соңында 31 және 28 апта жүктілік мерзімінде денсаулық жағдайына шағымданған әйелдер жатқызылды. Дәрігерлер қарағаннан кейін жергілікті мамандар оларды шұғыл түрде елордаға жеткізу туралы шешім қабылдады.

2019 жылы Қазақстанда акушерлік-гинекологиялық патологиясы бар 438 әйелге медициналық көмек көрсетілді. 

Фархат ӘБІЛОВ

31 қаңтар 2020, 21:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.