Атырау, 6 желтоқсан 16:25
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жасұлан Көжеков өмірден өтті

7 581 рет қаралды


Әріптесіміз Жасұлан Көжековтың 51 жасында мезгілсіз бақилық болғанын естіп, қатты қайғырып отырмыз. 

Өткен ғасырдың 90-жылдары мен 2000-жылдары ол бірнеше жыл "Ақ Жайық" газетінде жұмыс істеп, редакциямыздың белді де беделді журналистерінің бірі болды. Бұдан кейін де түрлі ақпарат саласында өнімді еңбек етіп, шебер қаламгер ретінде танылды. Біз оны редакция өміріне шынайы кәсіпқойлық, құштарлық пен әдемі әзіл енгізген ақжарқын адам ретінде білеміз. Оның өмірден өткеніне сену қиын. 

Марқұмның жақын-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Жасұланның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

«Ақ Жайық» газетінің редакциясы

30 қаңтар 2020, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.