Атырау, 28 сәуір 11:50
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атыраудың бас санитарлық дәрігері: «Біз перинатальдық орталықта күні-түні тексеру жүргіздік»

2 665 просмотра


Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары өткен жылдың басында-ақ облыстық перинатальдық орталықта бірқатар заң бұзушылықтар анықтаған еді, алайда кемшіліктерді жоюға тек бірнеше талап арыздардан кейін ғана қол жеткізілді. Бұл туралы брифингте облыстық тауар және қызмет қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлады.

Тексеру барысында дезинфекциялық-стерилизациялық режимді бұзу салдарына себеп болған ауруханаішілік жұқпа бар екендігі анықталды. Өздерінде кір жуатын орын болмағандықтан төсек-орын жабдығы келісімшарт бойынша басқа мекемеге жіберіліп отырған. Ал олардағы жағдай ешқандай санитарлық ережелерге сәйкес келмейді. Перинатальдық орталық, сондай-ақ, бір рет қолданылатын материалдарымен толық қамтамасыз етілмеген.

Облыстық перинатальдық орталықтың (ОПО) екі ғимараты да ескі: бірі 70-жылдарда, екіншісі – 90-жылдарда салынған. Желдету жүйесі істен шыққан. Біздің қалалық тауар және қызмет қауіпсіздігін бақылау департаменті (қалалық СЭС) өткен жылдың басында  облыстық перинатальдық орталықта санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Қаржының жетіспеушілігі салдарынан ОПО заң бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жойған жоқ, ал біз сотқа арыздандық. Комиссия осы заң бұзушылықтар өлген балалардың 17%-ы осы себептен шетінеді деген шешімге келді. Қалған жағдайларда басқа себептер болды. Қаржы бөлінгеннен соң желдету жүйесі қайтадан қалпына келтірілді. Біздің мамандар екі ай бойы күні-түні орталықта болып, барлық талаптардың сақталуын қадағалады, түсіндірді, жазалады. Жаңа айыппұлдар мен жаңа талап арыздар болды. Алайда нәтижеге қол жеткіздік: желтоқсанда ауруханаішілік инфекция фактілері анықталған жоқ.

«ИНФЕКЦИОННЫЙДЫ» НЕГЕ ӨЗГЕРТТІ?

 «АЖ»-ның келесі сұрағы №2 қалалық ауруханаға қатысты болды. 2018 жылдың аяғы 2019 жылдың басында Атырау облысында қызылшаның таралуы орын алды. Айта кету керек, ауырған балалардың ата-аналары дәл осы ауруханада ауру жұқтырғандарына шағымданды. Олар қызылшамен ауырғанға дейін бұл жерде бір-екі апта бұрын емделіп жатқан. Дәрігерлер ауруханаішілік жұқпаның тарауына қалайша жол берді?

– Қызылша алдымен Нұр-Сұлтан мен Алматыда тарады, сол жақта басқа сырқаттармен емделіп жатқан пациенттер ауруды бізге «алып» келді. 774 адам ауырды, оның 70%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл жерде айта кету керек, олардың көп бөлігі қызылшаға қарсы екпе алмағандар болып шықты. Аураханадағы қызылшаның таралуына келсек, бастапқыда стационар жұқпалы аурулар ауруханасы болып салынды, ал кейін оны көпбейінді ауруханаға ауыстырды. Осыған байланысты біздің көптеген талаптарымыз ескерілмей қалды, - деп мәлімдеді А.Жұмағалиев.

ҚЫЗЫЛШАМЕН АУЫРҒАНДАР САНЫ АЗАЙДЫ        

Ол сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының 2019 жылғы жұмыс қорытындысына  қатысты есеп берді. Соңғы жылдары облыс аумағында көптеген жұқпалы аурулар нозологиясы бойынша тұрақты ахуал байқалды. Полиомиелит, қызамық, сіреспе, балалардағы А, В вирусты гепатит сияқты қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Туберкулёз бойынша 426 ауру тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,8% кем.

Қызылшаның таралуы бұл ауруға қарсы 9-10 ай шамасындағы (бұрын күнтізбе бойынша 12 айда жүргізілді) балаларға жаппай екпе салдыруға себеп болды. 10387 бала (91,5%) екпе алды. Бұдан басқа 40 жасқа дейінгі 2933 медицина қызметкерлеріне  қосымша иммундау жүргізілсе, 20-дан 29 жасқа дейінгі тұлғаларға қызылша және қызамыққа қарсы екпе салынды. Дәрігерлер көздеген мақсаттарына жетті, жұқпалы аурулардың таралуы кеміді: 2019 жылы желтоқсанда қызылшамен барлығы 15 адам ауырды, оның 6-ы балалар болды.   

ДДС БОЛЖАМЫ ТУРА КЕЛДІ

Бұдан бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда, оның ішінде Атырау облысында 2019-2020 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда тұмау вирусының «В» түрі басым болады деген болжамды таратқан еді. Расымен, біздің өңірде тұмаудың 14 зертханалық  расталған жағдайы арасында 13 пациент «В» вирусты түрімен ауырған болып шықты, тек бір адамда ғана вирустың «А» түрі кездескен. 1 қазаннан 17 қаңтар аралығында облыста 1145 ӨРВИ жағдайы тіркелді, оның ішінде 580-і 14 жасқа дейінгі балалар, 165-і 1 жасқа дейінгі балалар арасында болды. Тұмау індетінің таралмауы үшін тұрғындардың кем дегенде 10%-на  екпе салынуы тиіс. Біздің өңірде бұл көрсеткішке қол жеткізу мүмкін болмады. Тұмауға қарсы 45 916 адам екпе алды, бұл шамамен облыс тұрғындарының 7,3% құрайды.  

«ТАЗА СУ» ҚАНШАЛЫҚТЫ ТАЗА?

Атырау облысында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін 83 нысан есепте тұр. Оларға ерекше тәртіп бойынша жылына 1 рет тексеру жүргізіледі. Ал барлық жүйені тазарту жылына 2 рет жүргізілуі тиісті, бірақ іс жүзінде ол жүзеге асып жатқан жоқ.

Тазарту жұмыстары сумен қамту ұйымдарының өкілдері мен біздің мамандардың қатысуымен жүргізілуі тиіс. Алайда  олар бізді шақырып жатқан жоқ, демек, тазарту жүргізілмейді деген сөз. Бұл ұйымдар сенімді басқаруда болғандықтан оларды тексеруге біздің құқығымыз жоқ, - деп түсіндірді Жұмағалиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

29 қаңтар 2020, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.