Атырау, 6 мамыр 04:59
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атырауда 12 көппәтерлі үйдің құрылысы тоқтатылды

5 876 просмотра


Ревизиялық комиссия соңғы екі жылда Атырау қалалық құрылыс бөліміне бөлінген бюджет қаржысының қолданылуы бойынша аудит жүргізді. Аудит жалпы сомасы 50 млрд теңгеден аса бюджет қаржысын қамтыды, нәтижесінде 7,3 млрд теңге сома көлемінде заң бұзушылықтар анықталды.

Бұл туралы брифингте Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басқармасының басшысы Жәнібек ҚАРАЖАНОВ хабарлады.

Нұрсая ықшамауданындағы 900 орынды мектеп құрылысына бөлінген ақша, көппәтерлік 12 тұрғын үйдің құрылысына, Атырауда және оған жақын елді мекендердегі 8 полиция бекеті құрылысына, сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға бөлінген қаражаттар тексерілді.

Тексеру бірнеше маңызды жетіспеушіліктерді анықтады. Атап айтқанда, 12 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттарында заң бұзушылықтар жіберілген, нәтижесінде құрылыс тоқтатылып, қаржы бюджетке қайтарылды. Құрылысы аяқталған нысандар бойынша авторлық және техникалық бақылау журналдары жүргізілмеген. Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісімшарттарда көрсетілген рәсімдер сақталмаған. Мәселен, мердігер нысанды белгіленген мерзімде тапсырмаса, ал тапсырыс беруші оның қызметіне төлеген болса, мұндай жағдайда салынатын айыппұлдарды өндіріп алуға ешкім тырыспаған. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

31 қаңтар 2020, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.