Атырау, 24 сәуір 13:05
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Атырау Су Арнасы": 2 миллиард айыппұлға 4 миллион қосылды

3 011 просмотра

Фото: suarnasy.kz


Қазір бар-жоғы белгісіз «Атырау Су Арнасы» КМК-ге тағы 1600 АЕК, яғни 4,2 млн. теңге айыппұл салынды. Бұл жолы «АСА»-ны Табиғи монополияларды реттеу департаменті  ренжітті.  Ол монополистерді Мемлекеттік тізілімнен алып тастау бойынша өтінішті уақытында бермегені үшін әкімшілік айыппұлмен жазаланды.   

Бұл сома сот шешімі бойынша 2018 жылдың желтоқсанындағы балықтың жаппай қырылуына байланысты «АСА»ның мойнына ілінген «Луговой жылқы зауыты» пайдасына 1,5 млрд теңге және Жайық-Атырау бекіре зауытының пайдасына 429 млн теңге шығындарымен салыстырғанда онша қомақты емес. Бірақ оны кім, қашан төлейді? Міне, мәселе қайда. Құрдымға кеткен бұл ұйымның тағдыры туралы әзірге ешкім түсінік бермейді.

Сонымен қатар, жоғарғы сот инстанцияларында қазір Атырау облысының экология департаменті "АСА"ға салған 30 млрд экологиялық айыппұл туралы мәселе шешілуде. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қаңтар 2020, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.