Атырау, 23 қараша 17:48
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңа кәсіпорын «Атырау су арнасына» салынған айыппұлды төлемейді

3 474 просмотра


«Атырау су арнасы» КМК 2020 жылғы 1 қаңтарда сумен қамту және су жүргізу бойынша қызметтерін жаңадан құрылған «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде тапсыратыны жөнінде хабарлама таратты. Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ "АЖ"-ға жақында жарияланған балықтың жаппай қырылуына байланысты материалдық шығынды өтеу туралы сот қаулысына жаңа кәсіпорынның еш қатысы жоқ екенін сенімді түрде мәлімдеді. Себебі оған осы қызметпен айналысқан бұрынғы кәсіпорын жауапты.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының соңында сот «Атырау Су Арнасы» КМК-дан «Луговой жылқы зауыты» ЖШС пайдасына 1,5 млрд теңге көлемінде, Жайық-Атырау бекіре зауытының пайдасына 429 млн теңге көлемінде және облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының пайдасына 14 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндіріп алуға үкім шығарды.

Сонымен қатар, қазір соттың жоғарғы инстанцияларында Атырау облысының экология департаменті есептеген 30 млрд экологиялық айыппұл туралы мәселе де қаралуда.

Иғалиевтің айтуынша, «Атырау облысы су арнасы» КМК мұнайлы астананы ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстың 4 ауданында салынған су тазарту қондырғыларын пайдалану үшін құрылған.

Енді бұрынғы коммуналдық кәсіпорынның банкротқа ұшырауына да аз қалмаған болар, ал кейін миллиардтаған айыппұлдың біртіндеп ұмытылуы да ғажап емес.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қаңтар 2020, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.