Атырау, 6 мамыр 09:54
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бопсалаушылар бақылауға алынды

3 391 просмотра


Өткен жылдың сәуір айында Авангардтағы бес қабатты үйдің ауласында ҰҚКД қызметкерлерінің үш ер адамды ұстап, шалшық суға бетімен жатқызған бейнежазбаны қалалықтар естерінен шығара қоймаған болар. Жақында №2 қалалық сотта оларға қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы («Бопсалау») бойынша үкім шығарды.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, өткен жылдың 16 сәуірінде олар Өзбекстан азаматын өз пәтерінен алып шығып, қала маңындағы Еркінқала ауылының далалығына шығарып, 500 мың теңге талап еткен. Олар сондай-ақ оның Lada Largus автокөлігін тартып алып, егер ақша таппаған жағдайда қосалқы бөлшектер үшін сатып жібереміз деп бопсалаған. Жәбірленуші құқыққорғау органдарына арызданады. ҰҚКД қызметкерлері қылмыскерлерді ақша алу үстінде ұстайды (сол бейнежазбада).  

- Сот оларды кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай мерзімге пробациялық бақылау белгілеп, бостандықтарын шектеді, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

 

31 қаңтар 2020, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.