Атырау, 6 желтоқсан 16:25
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Бір литрі - 181 теңге»: « ҚазМұнайГаз» бензин бағасы туралы хабарламаға қатысты түсініктеме берді

4 686 рет қаралды


Әлеуметтік желіде 24 қаңтар күні белгісімен "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС Бас директоры Н.Нұрлановтың қолы қойылған құжат пайда болды. Онда бензин мен дизель отынының бағасы көтерілгені туралы айтылады.

"ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №1304 «Мұнай өнімдерін жеткізу бойынша бірыңғай операторды анықтау туралы» қаулысын орындау аясында «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС мұнай өнімдерін талондық жүйе бойынша 2020 жылдың соңына дейін төмендегі бағалар бойынша жеткізуге дайын екенін хабарлайды:

1. АИ 92 - 181,00 теңге/литр, ҚҚС есебімен;

2. АИ 95 - 193, 00 теңге/литр, ҚҚС есебімен;

3. АИ 98 - 212, 00 теңге/литр, ҚҚС есебімен;

4. Жазғы дизель отыны - 217,00 теңге/литр, ҚҚС есебімен;

5. Қысқы дизель отыны - 299,00 теңге/литр, ҚҚС есебімен.

Жоғарыда көрсетілген мұнай өнімдерінің бағасы 30% алдын ала төлем енгізген жағдайда жарамды болады».

Кейін компания "әуесқой автокөлік жүргізушілері бұған алаңдамауына болады, себебі бұл бағалар тек контрагенттерге, яғни «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС-мен келісімшартқа отырған компанияларға ғана қатысты" деп мәлімдеді.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мұнай өнімдерін азаматтық тұлғалар мен ұйымдарға  нарықта сатуды жүзеге асырмайды. Интернет желісінде таралған хат Үкіметтің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №1304 «Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау туралы» қаулысын іске асыру аясында міндеттемелерді орындауға ғана арналған. Бағам жыл аяғына дейін тіркелген және бағаның ауытқуы мүмкін деген тәуекелдерін қамтиды", - делінген компанияның ресми хатында. 

Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА

28 қаңтар 2020, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.