Атырау, 23 желтоқсан 17:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Әр сырқаттың өз дәрігері бар

- Баладан лямблиоз сырқатын тапты. Паразитолог пен балалар гастроэнтеролог мамандарының емі керек, ал, ондай мамандар біздің №3 емханада жоқ. Балалар дәрігері жұқпалы аурулар дәрігеріне баруға кеңес берді. Ол дәрігер балаға трихопол дәрісін беруді тағайындады. Менің ойымша, бұл балаларға емес, үлкендерге арналған дәрі емес пе? Мұндай жағдайда жалпы қандай дәрігерге қаралған жөн? 8 тамыз 2012, 22:43 3 466 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дәлеліңіз болса шағымданыңыз

- Інім бір жерде көлік жүргізушісі қызметін атқарып жүрді. Былтыр жұмыс іздеп жүргенде, шетелдік мекемелердің біріне түйіндемесін жіберген еді. Енді сол мекеме оны жұмысқа шақырған соң, құжатын жинап, бұрынғы жұмысынан шығып, шақырған жерге келеді. Сөйтсе, ондағылар алмайтын болдық деп, оны кері қайтарған. Бұл жағдайда шетелдік мекемені сотқа беруге бола ма? 8 тамыз 2012, 22:46 1 962 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ПИК-ке хабарласыңыз

– Дружба көшесіндегі №2 үйде салқын суға қатысты үнемі проблемалар орын алады. Шілденің шіліңгірінде ыстық суды пайдалану мүмкін емес. Жертөле желілері апатты жағдайда, үйдің сыртындағы канализацияның иісінен терезе аша алмайсың. Бұл қашанғы жалғаспақ? 1 тамыз 2012, 22:04 1 960 рет қаралды
Аялдамалар болады Сұрақ-жауап

Аялдамалар болады

– Тайманов даңғылынан Ескі әуежай жаққа қарай жүретін №10, 20, 62 маршруттардың аялдама павильондары жоқ. Адамдар ашық аспан аясында маршрутка күтіп тұруға мәжбүр. Маршруткалар лық толы болады және уақыт аралығын сақтамайды, соның салдарынан салон көбінесе аузы-мұрнынан шығып тұрады. Мыңдаған қоғамдық көлік пайдаланушылар үшін лайықты жағдай жасауға бюджетте шынымен де ақша болмағаны ма? 1 тамыз 2012, 22:05 2 339 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қысымды көтереміз

– 8 жылдан астам уақыттан бері Ғұмаров көшесінің бойындағы 88 және 90-үйлерде, Авангард 4-ықшамауданындағы 6 және 8-үйлерде салқын су жоқ. Ал ыстық су шүмегінен қайнап тұрған су жүріп тұр. Ыстық суға бүкіл тұрмыстық техника мен су жіберетін бак жалғанған. Мұның бәрі, әрине, тұрмыстық техниканың пайдалану мерзімін қысқартып, ыстық су тұтыну төлемақысын көбейтуге әкеледі. Жыл сайын бізге кешікпей көтеру-сорғы стансасын саламыз деп немесе қолданыстағы стансаға қосамыз деп уәде береді. Биылғы жылдың сәуірінде «Жазира» ПИК-і осы мәселемен «АСА»-ға хабарласып, екіұшты жауап алды. Бұл проблема қашан шешіледі? 1 тамыз 2012, 22:07 2 190 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бір айда береді

– Күйеуге шыққан кезде фамилиясын өзгерткен және оны әділет органдарында заңмен белгіленген мерзімде (бір ай) ауыстыруға үлгермеген әйелдерге айыппұл қаупі төнеді. Ең азы – 9 мың теңге мөлшерінде, ең көбі – 90 мың теңгеге дейін. Осы рас па? 1 тамыз 2012, 22:09 1 763 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шақыртқаны үшін төлейді

– Мен Молдағұлова көшесінде тұрамын. Менің ескі сумен қамту жүйесін жаңасына қайта жалғау туралы сұрағым бар. «АСА» бізге қолданылып жүрген өрт сөндіру колонкасына қосылу үшін техникалық шарт берді. Ол жерде шар тәрізді шүмек бар, «АСА» ол үшін төлем талап етіп отыр. Біз сонда не үшін төлеуге тиіспіз, «АСА» талабы заңды ма? 1 тамыз 2012, 22:11 1 726 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек демалысын ала аласыз

– Мен қала базарларының бірінде кассир боп жұмыс жасаймын. 6 тамызда босануға дейінгі демалысқа кетпекпін. Әр жыл сайын еңбек демалысымды тамызда алатын едім. Енді бұл демалыс жүктілік демалысыммен сәйкес келіп тұр. Маған босанғанға дейінгі және кейінгі демалыстар төлене ме? 1 тамыз 2012, 22:14 3 694 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Коллектор жұмыс істеп тұр

– Қаженбаев көшесіндегі 1, 2, 3-үйлердің ауласында канализацияға қатысты қыстан бері проблемалар орын алып келеді, аула үнемі лас суларға толады. Санэпидқызмет қайда қарап отыр? «АСА»-дағылар тек көмектесуге уәде береді. Облыс әкімінің блогынан жауап келтірейік: «2012 жылдың 8 мамырында «Атырау Су Арнасы» КМК-ның канализациялық жүйелерді пайдалану қызметі Қаженбаев 1, 2, 3-үйлердің ауласындағы өздігінен ағатын коллекторларды тазарту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде канализациялық коллекторлар аталмыш аудандарда қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр». Бірақ бұл олай емес! 1 тамыз 2012, 22:17 2 055 рет қаралды
Сұрақ-жауап

№22 мектепте бос орын жоқ

– Биылғы жылы менің балам 1 сыныпқа баруы тиіс. Біз өзімізге жақын орналасқан №22 мектепке барып жолыққанымызда бізге Огородная көшесінде тұратын болғандықтан  ол  мектепке қабылдамайтындықтарын айтты. Бұрын бұл мектепте  мен өзім, менің апам  және басқа біздің көшеде тұратын біраз бала оқыды. Сондай-ақ, қазір де біздің көшеде тұратын кейбір балаларды бұл мектептің қабылдағандығын біліп те отырмын. Олардың неге алалап отырғандығын түсінбедім? 25 шілде 2012, 21:03 2 260 рет қаралды
Сөмке ауысып, тексеру басталды Сұрақ-жауап

Сөмке ауысып, тексеру басталды

– Біздің әуежайда жүктегі тағылған бирканы залдан шыққан кезде бұрынғыша жүк түбіртегімен тексеріп шығармайтынын байқадым. Алайда, кейбір адамдардың өз жүктері деп басқалардың жүгін ала кетуі әбден мүмкін ғой... 25 шілде 2012, 21:04 2 471 рет қаралды
Сұрақ-жауап

«Каникул» тарифі

- Дүйсенбі күні №2 автобуста оқушы ұлым үшін 30 теңге жолақы төледім. Келесі күні сол маршрутта ол менімен бірге тегін жүрді. Ал бүгін кондуктор балам үшін 60 теңге жолақы төлеуім керектігін айтты. Іс жүзінде жолақы құны қанша? 18 шілде 2012, 21:26 2 007 рет қаралды
Диманың дәл өзі Сұрақ-жауап

Диманың дәл өзі

– Қала ішінде Дима БИЛАННЫҢ концертіне шақырған баннерлер ілінген. Осы рас па, бұл оның сыңары емес пе? Өйткені, көрермендерді шеттен келетін жұлдыздарға қатысты алаяқ продюсерлер жиі алдап жатады ғой, билеттері де қымбат тұрады. 18 шілде 2012, 21:27 2 184 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көлік көлемі қанша?

- Мен шетелден 2011 жылы шыққан 2,4 литрлік көлемді двигателі бар  «Тойота-Камри» көлігін әкелуді жоспарлап отырмын. Ол үшін маған қандай мөлшерде төлем және салық төлеуге тура келеді? Автокөлік үшін акциз өтеліп алына ма? Ол үшін қандай құжаттар талап етіледі? Шетелден автокөлік әкелуге шектеулер қойыла ма? 11 шілде 2012, 19:01 2 762 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еттің сапасы төмен емес

– «Мұнайшы» стадионы жанындағы жәрмеңкенің бірінші күнінде мұздатылған ет сатылды, оның бағасы «Дина» базарындағы жас еттің бағасымен бірдей. Түске қарай мұздатылған ет еріп, көрер көзге біртүрлі болып қалды. 11 шілде 2012, 19:02 2 180 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтаманы сот арқылы алуға болады

– Менің қызым декреттік демалысқа шыққанға дейін 7 ай бойы «Көктем» базарындағы жиһаз бөлімінде сатушы болып жұмыс жасады. Есеп-қисап жұмысын жасап, оны интернет бойынша жіберіп отырды. Декреттік құжаттарын дайындау барысында мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы одан жұмыс орнынан анықтама сұратқан, ал дүкен қожайыны оны беруден бас тартты, өйткені, ондай жағдайда салық органдарына қатысты проблемалар (ол еңбек шартын жасамаған және әлеуметтік жарналарды аудармаған) туындап қалмақшы. Мұндай жағдайда  біз не істей аламыз? Оның жұмыс істегенін қалай дәлелдейміз? 11 шілде 2012, 19:05 1 917 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тек 31 келіге дейін тегін

– Менің таныстарым пошта арқылы заттарға жиі тапсырыс беріп жатады. Жақында менің көршім құны шамамен 1 200 еуро тұратын көйлекке тапсырыс берді, оған қоса көршіме кедендік алым үшін тағы да айтарлықтай ақы төлеуге тура келді. Заттарға   қандай көлемде  тегін тапсырыс беруге болады? 11 шілде 2012, 19:06 1 911 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қаржы болса төселеді

– Өткен жылдың мамыр айында Можайский көшесін жөндеу барысында үйлердің бірінің жанынан су кеткен болатын, сондықтан да жолды жөндеуші «Атырауинждорстрой» жол-құрылыс компаниясы асфальтты тек «АМӨЗ» ЖШС балабақшасына дейін ғана төседі. Жолшылар өз жұмыстарын толық аяқтаған жоқ. Көшеміз қашан толық асфальтталып бітеді? 11 шілде 2012, 19:07 1 669 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қайта оқығым келеді

– Мен сонау ақпан айында қалалық жұмыспен қамту бөлімінен қайта даярлау курсына бару үшін өтініш берген едім. Бірақ әлі күнге мені курсқа шақырған жоқ. Қалалық жұмыспен қамту бөліміне бірнеше рет барғаныммен ешқандай қорытынды шықпады. Орталық қызметкерлері үнемі сізді міндетті түрде шақыртады дегенді айтады. Ал осы курстарға жіберу үшін  қалай болғанда тамыр-таныстық керек деп айтып жатады. Бұған мен де сене бастадым. 11 шілде 2012, 19:10 1 785 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кедергіні кім салады?

– Біз Құнанбаев көшесі, 30-үй мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздің қарсы алдында (Оң жақ Перетаска) жолдың ар жағында аялдама мен жүргізушілер тіптен елемейтін жаяу жүргінші өткелі бар. Күн сайын дерлік жүргіншілер өткелінен жүргіншілерді қағып кетеді. Біз балаларымыз үшін қорқып, жолдан өзіміз өткізіп жібереміз. Өткен жылы көз алдымда бір қызды, ал кейін, сәбилі әйелді қағып кетті. Биыл екі ай бұрын көз алдымда бір машина жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан бір баланы қақты. Бірнеше апта бұрын таңғы сағат 5-те өте жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина электр тарату бағанына соғысты. Жаяу жүргіншілер өткелінің екі жағынан және №6 мектептің алдынан міндетті түрде жол кедергісін салу керек. Мұнымен кім айналысуы тиіс? 4 шілде 2012, 17:30 1 945 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Белгілер мен ережелер

– Таяуда Сәтбаев даңғылына жаңа бөлу жолағын орнатты. ТШО қалашығының маңындағы Владимирский көшесімен қиылыстан «Тоқта» деген сигналды алып тастап, жаяу жүргінші өткелін орнатып, үш бұрыш сызып қойған. Бұл енді үш бұрыштың арнайы бөлінген оң жақ бүйірінің оң жақ жолағымен Владимирский көшесінен шыққанда жүргізушілер Сәтбаевпен жүретін көлікті өткізуге міндетті емес дегенді білдіре ме? 4 шілде 2012, 17:31 1 698 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алдымен айыппұл

– Менің бұрынғы келінім екінші мәрте тұрмысқа шығып, үлкен ұлын – менің немеремді тіптен қараусыз қалдырды. Немерем үйден бірнеше рет қашып кетіпті, ал көршілер оны мас күйде көргендерін айтады. Оның жасы бар болғаны 14-те. Ал менің ақыл-кеңесіме келінім елең етпейді. Бәлкім, мұндай аналар үшін жаза бар шығар? Әрине, ата-аналық құқығынан айыру емес, бірақ ықпалы тиетін жаза болар ма екен? 4 шілде 2012, 17:31 1 806 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салық барлық жерде бірдей

- Мен Индер ауданында тұрамын. Индер ауданы мен қалада жеңіл автокөліктің двигатель көлемі үшін алынатын салық мөлшері екі түрлі. Мәселен, Индерде көлемі 2 000 текше см двигатель үшін 14 094 теңге, 2 500 текше см двигательге 13 208 теңге сұрап тұр. Қалада 2 000-2 500 текше см двигатель көлемі үшін 9 708 теңге салық мөлшерін алады екен. Сонда индерлік салықшылар бағаны өздері өсіріп отыр ма? 27 маусым 2012, 19:45 2 258 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көшелердің тізімін қараңыз

- Бірлік-2 поселкесіндегі Жарылғасов, Сыдиқов, Қорқыт ата көшелеріне биыл жол салына ма? - «Өркен» ықшам ауданының (Жұмыскер-2 ауылы) көшелеріне қашан жол салынады? Ішкі жолдың жоқтығынан көше ішіне автокөліктер кіре алмайды. 27 маусым 2012, 19:46 2 318 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алдымен жерді өлшейді

- Мен Махамбет ауданы, Береке ауылынан кезек арқылы жер учаскесіне ие болдым. Мемлекеттік жер актісін әлі алып үлгерген жоқпын. Махамбет ауданының жер бөліміндегілер жердің эскиз жобасына 6000 теңге сұрап отыр. Осы дұрыс па? 27 маусым 2012, 19:48 2 037 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көлік жүргізу - арманым

- Менің бауырым 1-топ мүгедегі. Екі аяғынан жарақат алып, мүгедектік арбаға отырды. Қазір Астанада ем алып жатыр. Ол өзі көлік жүргізгісі келеді. Ал өздігінен автомектепке баратын жағдайы жоқ. Осыған байланысты білейін дегенім, 1-топ мүгедектеріне мұндай жағдайда көлік жүргізу куәлігі қалай беріледі? Оларды оқытатын арнайы мектеп бола ма?  27 маусым 2012, 19:50 2 312 рет қаралды
Кешенді тестілеуден өтеді Сұрақ-жауап

Кешенді тестілеуден өтеді

- Биылғы жылы менің қызым политехникалық колледжді бітіреді. Қазіргі кезде олар мемлекеттік емтихан тапсырып жатыр, артынан диплом жұмысын қорғайтын болады. Көктемде бізге колледж түлектері жоғары оқу орнына тапсыру барысында енді әңгімелесудің орнына кешенді тестілеу тапсырады деген еді, сол рас па? 20 маусым 2012, 19:19 3 833 рет қаралды
Дәрі-дәрмек сөреден жоғалды Сұрақ-жауап

Дәрі-дәрмек сөреден жоғалды

- Менің күйеуімнің жасы 73-те, 2001 жылдан бері Паркинсон сырқатымен ауырады. Оған дәрігер «Наком» және «Циклодол» деген дәрі-дәрмектерді  жазып берді. Бұрын біз дәрілердің кейбірін тегін алып тұрдық. Жұбайымның жасы 70-ке келгенде оны жасына байланысты бізді емхананың есебінен шығарды. Содан бері қарай біз барлық дәріні сатып алуға мәжбүрміз. Оның үстіне ол дәрілерді табудың өзі проблемаға айналды. Екі жылдан бері дәріханалардан «Наком» жоғалды, ал, кейін циклодол да көрінбей кетті, енді оларды Ресейден тапсырыс беріп алдыртуға тура келіп отыр. Бұл дәрі-дәрмектердің дәріхана сөрелерінен жоғалуының себебі неде? 20 маусым 2012, 19:25 3 146 рет қаралды