Атырау, 19 сәуір 21:47
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Аялдамалар болады

2 040 просмотра

– Тайманов даңғылынан Ескі әуежай жаққа қарай жүретін №10, 20, 62 маршруттардың аялдама павильондары жоқ. Адамдар ашық аспан аясында маршрутка күтіп тұруға мәжбүр. Маршруткалар лық толы болады және уақыт аралығын сақтамайды, соның салдарынан салон көбінесе аузы-мұрнынан шығып тұрады. Мыңдаған қоғамдық көлік пайдаланушылар үшін лайықты жағдай жасауға бюджетте шынымен де ақша болмағаны ма?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА комментарий береді:

– Осы жуырда ғана жолаушылар тасымалы мәселесіне қатысты мәжіліс болып өтті. Онда қала әкімі Асқар КЕРІМОВ тасымалдаушылардан қысқа уақыт ішінде жолаушылар тасымалын лайықты деңгейге көтеруді талап етті. Олай болмаған жағдайда осы мәселе бойынша өтетін келесі мәжілісте (ал бұл бір-екі айдың ішінде болады) өткен жылы 5 жылға жасалған келісім-шарттарды бұзу туралы мәселені қолға алуға уәде берді. Өйткені осы саладағы бүгінгі ахуал, әкімнің айтуынша, тығырыққа тірелген. Қазір қаладағы 33 бағытқа 8 тасымалдаушы компания қызмет көрсетеді. Аялдама павильондарына келер болсақ, қазіргі уақытта 15 павильонды сатып алу мен орнату үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда. Оқырман айтып отырған Тайманов-Московская бағытындағы маршрутка аялдамалары тізімге енгізілген.

1 тамыз 2012, 22:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.