– Өткен жылдың мамыр айында Можайский көшесін жөндеу барысында үйлердің бірінің жанынан су кеткен болатын, сондықтан да жолды жөндеуші «Атырауинждорстрой» жол-құрылыс компаниясы асфальтты тек «АМӨЗ» ЖШС балабақшасына дейін ғана төседі. Жолшылар өз жұмыстарын толық аяқтаған жоқ. Көшеміз қашан толық асфальтталып бітеді?
Марал Шыңбаева
Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ айтуынша, Можайский көшесін жөндеу қосымша қаржының бөлінуіне қарай биылғы жылы аяқталатын болады.