– Күйеуге шыққан кезде фамилиясын өзгерткен және оны әділет органдарында заңмен белгіленген мерзімде (бір ай) ауыстыруға үлгермеген әйелдерге айыппұл қаупі төнеді. Ең азы – 9 мың теңге мөлшерінде, ең көбі – 90 мың теңгеге дейін. Осы рас па?
Телефон арқылы
Облыстық әділет департаментініңбаспасөз хатшысы Гүлбахрам ЖАУҒАШТИЕВАНЫҢ айтуынша, шынымен де, «Неке және отбасы туралы» заң бойынша жаңа фамилиямен неке туралы куәлік алған күннен бастап құжаттарды бір ай ішінде ауыстыру қажет. Өтіп кеткен мерзім үшін салынатын айыппұлдар туралы көші-қон полициясындағылар хабардар етті: төменгі айыппұл 8 900 теңге тұрады екен. Ал жоғарғы айыппұл мөлшері туралы заңда ештеңе айтылмаған.