Атырау, 2 желтоқсан 01:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

ПИК-ке хабарласыңыз

1 807 просмотра

– Дружба көшесіндегі №2 үйде салқын суға қатысты үнемі проблемалар орын алады. Шілденің шіліңгірінде ыстық суды пайдалану мүмкін емес. Жертөле желілері апатты жағдайда, үйдің сыртындағы канализацияның иісінен терезе аша алмайсың. Бұл қашанғы жалғаспақ?

Дружба көшесінің №2 үй тұрғындары

– Мен Сарыарқа ықшамауданындағы ірі панельді үйде тұрамын. Жазда салқын су шүмегінен ыстық су, ал қыста ыстық су шүмегінен салқын су ағады. Ол жылынып кету үшін суды ұзақ ағызуға тура келеді. Менің түсінуімше, біреулер тұрбаны орағанда үнем жасаған ба?

Телефон арқылы

Сұрақтарға «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ комментарий берді:

– Бірінші сұрақ бойынша: сіздердің пәтерлеріңізде салқын судың дұрыс жүрмеуіне салқын су жүйесінің жертөлелік және үйішілік тұрбаларының апатты жағдайда болуы себеп болып отыр. Дружба көшесіндегі 2-үйдің тұрғындарына ПИК-пен бірге салқын су жүйесінің жертөле және үйішілік тұрбаларын ауыстыру мәселесін шешуге кеңес беремін.

«Атырау Су Арнасы» КМК Дружба көшесінің су құбырындағы су қысымын көбейткенін хабарлаймыз. №2 үйдің маңындағы сыртқы канализациялық торап тазартылып, қалыпты жұмыс жасап тұр.

Салқын су шүмегінен ыстық судың немесе керісінше ағуы жалпыүйлік тораптардың жарамсыздығына байланысты, сондықтан ПИК-ке хабарласу керек.

1 тамыз 2012, 22:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.