Атырау, 29 наурыз 17:24
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қайта оқығым келеді

1 486 просмотра

– Мен сонау ақпан айында қалалық жұмыспен қамту бөлімінен қайта даярлау курсына бару үшін өтініш берген едім. Бірақ әлі күнге мені курсқа шақырған жоқ. Қалалық жұмыспен қамту бөліміне бірнеше рет барғаныммен ешқандай қорытынды шықпады. Орталық қызметкерлері үнемі сізді міндетті түрде шақыртады дегенді айтады. Ал осы курстарға жіберу үшін  қалай болғанда тамыр-таныстық керек деп айтып жатады. Бұған мен де сене бастадым.

Телефон арқылы

Оқырманның бұл сауалына жауап алу үшін бізқалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр ҚҰСПАНОВАҒА жолықтық:

- Курсқа блат арқылы ғана түсуге болады деген қауесет мүлдем шындыққа жанаспайды. Біз бізге көмек сұрап келген жұмыссыздардың бірде-біреуін назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Біз жұмыссыздардың қалай болғанда да жұмыспен қамтылуына мүдделіміз ғой. «АЖ» газетіне осы мәселеге қатысты хабарласқан оқырманымызға тікелей маған келіп, жолықсын дегім келеді. Біз бұл мәселені шешетін боламыз.

11 шілде 2012, 19:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.