Атырау, 26 сәуір 16:52
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тек 31 келіге дейін тегін

1 615 просмотра

– Менің таныстарым пошта арқылы заттарға жиі тапсырыс беріп жатады. Жақында менің көршім құны шамамен 1 200 еуро тұратын көйлекке тапсырыс берді, оған қоса көршіме кедендік алым үшін тағы да айтарлықтай ақы төлеуге тура келді. Заттарға   қандай көлемде  тегін тапсырыс беруге болады?

Телефон арқылы

Халықаралық пошта арқылыжеке қолданыс үшін құны 1 000 еуроға дейінгі салмағы 31 келіге дейінгі тауарды айына бір рет бір адамға алуға болады,- дейді «Ақ Жайық кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік қосынының бас маманы Ахмедияр ЖАЛҒАСОВ. – Егер тауарға бір айда жиі-жиі тапсырыс беретін болса, онда тауардың кедендік құнынан 30% мөлшерде бірыңғай ставка қолданылады. Бұл тариф тауар бағасы көтерілген сайын қолданылады. Егер сәлем-сауқат  31 келіден ауыр болса, онда 1 келі үшін кем дегенде 4 еуро төлеуге тура келеді.

Халықаралық пошта арқылы жіберу барысында әкелуге тыйым салынған заттар: алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары, есірткі заттар, мәдени құндылықтар, қару, радиоактивті материалдар, тез бұзылатын  (азық-түлік) тауарлар, кез-келген түрдегі және жағдайдағы өсімдіктер, фаунаның тірі өкілдері (ара, сүлік және жібек құртынан басқа), бағалы тастар,  әшекей бұйымдарды қоспағанда. Тауарды жеткізу мерзімі транспорт компанияларына байланысты. Кедендік қызмет тауар жіберу құжаттарына сәйкестілігін тексереді. Айталық, бірнеше жыл бұрын сәлем-сауқат арқылы тыйым салынған діни кітаптардың жіберілгендігі анықталған еді.

11 шілде 2012, 19:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.