– Қаженбаев көшесіндегі 1, 2, 3-үйлердің ауласында канализацияға қатысты қыстан бері проблемалар орын алып келеді, аула үнемі лас суларға толады. Санэпидқызмет қайда қарап отыр? «АСА»-дағылар тек көмектесуге уәде береді. Облыс әкімінің блогынан жауап келтірейік: «2012 жылдың 8 мамырында «Атырау Су Арнасы» КМК-ның канализациялық жүйелерді пайдалану қызметі Қаженбаев 1, 2, 3-үйлердің ауласындағы өздігінен ағатын коллекторларды тазарту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде канализациялық коллекторлар аталмыш аудандарда қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр». Бірақ бұл олай емес!
Телефон арқылы
Сұраққа «АСА» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ жауап береді:
– Қазіргі уақытта Қаженбаев көшесінің бойындағы канализация жүйесі дұрыс жұмыс жасап тұр. Орталық канализациялық желіні тазарту жөніндегі қосымша жұмыстар бұрынғы Петровский зауытының аумағында жүргізіледі.