Атырау, 8 қазан 20:04
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Сөмке ауысып, тексеру басталды

2 302 просмотра

– Біздің әуежайда жүктегі тағылған бирканы залдан шыққан кезде бұрынғыша жүк түбіртегімен тексеріп шығармайтынын байқадым. Алайда, кейбір адамдардың өз жүктері деп басқалардың жүгін ала кетуі әбден мүмкін ғой...

Телефон арқылы

Сауалға «Атма» АҚ жолаушылар тасымалын ұйымдастыру қызметінің бастығы Жаңыл ҮМБЕТЬЯРОВА түсінік береді:

– Біздің әуежайымыз халықаралалық мәртебеге ие, сондықтан да халықаралық стандарттарға сәйкес мұндай тексеру жүргізілмейді. Егер сіз назар салсаңыз, мұндай тексерулер әлемнің бірде-бір әуежайында жоқ. Бұл кеңестік дәуірден қалған процедура, бірақ, бұған азаматтық авиация комитетінің ережесі де түсінік бере алмайды, тіпті, ол алынып тасталмаған да, заңды әрекет болып та есептелмейді. Біздің әуежайымызда қазір халықаралық кеңістік қолданысындағы ережелер жүреді. Сондықтан да 2011 жылдың маусымынан бастап біз жүк биркаларын тексеру процедурасын жүргізуді алып тастадық. Алайда, жақын арадан бастап бұл тәжірибеге қайта орала бастадық, өйткені, жүктерді ауыстырып кету бойынша бірнеше жағдай орын алды, тіпті, прокуратура да араласты. Кейін қожайындардың  сөмкелерін аустырып алғандығы белгілі болды. Мұндай жағдайларға ұрынбау үшін осы жылдың наурыз айынан бастап халықаралық рейстерде (ішкі рейстерде  ол бұрыннан бар) биркалар мен жапсырмаларды тексеру  қайтадан  қолға алынды.

25 шілде 2012, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.