Атырау, 25 сәуір 04:26
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Еңбек демалысын ала аласыз

3 401 просмотра

– Мен қала базарларының бірінде кассир боп жұмыс жасаймын. 6 тамызда босануға дейінгі демалысқа кетпекпін. Әр жыл сайын еңбек демалысымды тамызда алатын едім. Енді бұл демалыс жүктілік демалысыммен сәйкес келіп тұр. Маған босанғанға дейінгі және кейінгі демалыстар төлене ме?

Гүлайна

Атырау облыстық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының заңгері Рысты ҚАЛИЕВА жауап береді:

– Егер сіз демалысқа жүктілігіңізге және босануыңызға байланысты кететін болсаңыз, онда ол сізге 126 күнге берілетін болады. Осы демалыс уақыты өткенде ҚР Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес, сіз өзіңіздің еңбек демалысыңызды ала аласыз. Дәрігер сізге 126 күнге еңбекке жарамсыздық бетшесін беріп, жұмысқа шығу уақытын көрсетеді. Осыдан кейін сіз өз жұмыс орныңызға келіп, еңбек демалысын ұсыну туралы арыз жазуыңыз керек. Сізге еңбек демалысы есептеліп, төленеді. Бұдан басқа, сіз 6 тамыздан бастап жүктілігіңізге және босануыңызға байланысты демалыс беру туралы арыз жазғаныңыз жөн. Осы арызға негіз ретінде сіз уақытша жарамсыздық бетшесінің көшірмесін тіркейсіз. Сіздің жұмыс берушіңіз бұйрық береді, соған сәйкес, сізге 126 күн демалыс беріледі. Осыдан кейін сіз Атырау облыстық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының маманына жұмыс орнынан соңғы 12 айдағы кірісіңіз турал анықтама, әлеуметтік және зейнетақы жарналары туралы анықтама және уақытша жұмысқа жарамсыздық бетшесін, жеке бас куәлігін, СТН, ӘЖК, тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама немесе жүктілігі мен босануына байланысты әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін еңбек кітапшасын әкелесіз.

1 тамыз 2012, 22:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.