Атырау, 25 сәуір 06:11
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қысымды көтереміз

1 852 просмотра

– 8 жылдан астам уақыттан бері Ғұмаров көшесінің бойындағы 88 және 90-үйлерде, Авангард 4-ықшамауданындағы 6 және 8-үйлерде салқын су жоқ. Ал ыстық су шүмегінен қайнап тұрған су жүріп тұр. Ыстық суға бүкіл тұрмыстық техника мен су жіберетін бак жалғанған. Мұның бәрі, әрине, тұрмыстық техниканың пайдалану мерзімін қысқартып, ыстық су тұтыну төлемақысын көбейтуге әкеледі. Жыл сайын бізге кешікпей көтеру-сорғы стансасын саламыз деп немесе қолданыстағы стансаға қосамыз деп уәде береді. Биылғы жылдың сәуірінде «Жазира» ПИК-і осы мәселемен «АСА»-ға хабарласып, екіұшты жауап алды. Бұл проблема қашан шешіледі?

Сұраққа «АСА» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ комментарий берді:

– Бұл қаладағы проблемалы аудандардың бірі. Осы үйлерді көтеру-сорғы стансасына қосу сонау 2011 жылы жоспарланды, алайда ол кезде қаржы бөлінбеп еді. Енді бұл үйлер, сондай-ақ, Сәтбаев көшесіндегі 32, 32А және 34-үйлер ең алдымен қолданыстағы көтеру-сорғы стансасына қосылған деп айта аламын – тендер өткізілді, мердігер құрылыс компаниясы белгіленді, құрылыс материалдарын сатып алу жүргізілуде. Ал азірге, Ғұмаров көшесіндегі №6, 8, 88, 90 және Авангард 4-ықшамаудандағы тұрғын үйлерді сумен қамтуды жақсарту үшін магистралды су құбырын шығыршықтаймыз да, тұрба құбырындағы су қысымын көтереміз. Қалада бар болғаны 34 көтеру-сорғы стансасы бар.

1 тамыз 2012, 22:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.