Атырау, 22 желтоқсан 20:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Басқа жаңалықтар

Нәубет жылдар ескерткіші Басқа жаңалықтар

Нәубет жылдар ескерткіші

6 қазанда Атыраудағы Ренесанс қонақ үйі алдындағы алаңда «Құмаршық дәні» ескерткіші ашылды. Композицияның Фариза ОҢҒАРСЫНОВА ескерткішінің  маңына орналасуы тегін емес: ақын нәубет жылдары ашаршылықтан аман қалуға себебін тигізген құмаршыққа ескерткіш қою туралы армандаған еді. Сурет 8 қараша 2019, 12:00 7 817 рет қаралды
Жұмыс іздегендерге шынайы мүмкіндік Басқа жаңалықтар

Жұмыс іздегендерге шынайы мүмкіндік

Атырау облысында жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген 200-ден аса жергілікті тұрғын өңірдегі ең қажетті әрі болашағы зор – құрылыс-монтаждау мамандықтары бойынша халықаралық сертификат алу үшін дәріс алуда. APEC PetroTechnic колледжінің базасында өтіп жатқан оқу курстары барысы туралы «АЖ» материалында. Сурет 7 қараша 2019, 09:55 6 012 рет қаралды
Атыраудағы жол апатында «жедел жәрдемнің» екі қызметкері жарақат алды Басқа жаңалықтар

Атыраудағы жол апатында «жедел жәрдемнің» екі қызметкері жарақат алды

Бүгін, 5 қарашада, таңертеңгі 9 шамасында Алмагүл ықшамауданындағы Бейбарыс даңғылы мен Амандосов көшесі қиылысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды. Толықтырылды Сурет 5 қараша 2019, 11:43 6 666 рет қаралды
«Саусақтағы сақинаны шешуге де шақырады» Басқа жаңалықтар

«Саусақтағы сақинаны шешуге де шақырады»

«...Ал қарапайым кілттерді минутқа жеткізбей ашамыз. Оған қысқаш пен отвертка жеткілікті». Бастапқыда сейфтер мен үй есіктерін бұзушы қылмыскер-«медвежатникпен» сөйлесіп отыр деп ойлауыңыз мүмкін. Жоқ, бұл атыраулық ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің жедел құтқару жасағының тәжірибелі құтқарушы Нұрқуат ҚАРАҚҰЛОВТЫҢ күнделікті жұмысына қатысты айтқаны. Сурет 30 қазан 2019, 11:54 5 025 рет қаралды
«Бабалар ізімен» Басқа жаңалықтар

«Бабалар ізімен»

Осындай ұранмен жақында Атырауда мектеп оқушылары мен студенттер бірнеше ай бұрын ағалары жүріп өткен жолмен атты экспедиция жасап, Қараой жазығындағы батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының мазарына тәу етіп қайтты. Индербор ауылынан атқа қонып, жеті сағат ішінде 40 шақырым жолды артқа қалдырған экспедиция мүшелері өздерінің ат құлағында ойнаған жауынгер халықтың ұрпағы екендерін көрсете білді. 29 қазан 2019, 21:12 4 712 рет қаралды
Атырауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

25 қазанда Атырау қаласы Самал ықшамауданында өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстарына арналған №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылды. Төрт қатарлы жаңа ғимарат қазіргі заманғы үлгіге сай арнайы техникалармен, жаттығу залдарымен, жуынатын және психологиялық тынығу бөлмелерімен жабдықталған. Сонымен қатар 40 адамға арналған жатақхана және 7 қызметтік пәтер қарастырылған.  Сурет 26 қазан 2019, 18:20 6 420 рет қаралды
Бас жүлде мұғалім қызға бұйырды Басқа жаңалықтар

Бас жүлде мұғалім қызға бұйырды

17-18 қазанда Атырауда Қазақстанның мемлекеттік гимні авторларының бірі, ақын Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті. Биыл төртінші мәрте өткізіліп отырған байқауға еліміздің әр өңірінен  18-35 жас аралығындағы 16 үміткер қатысып, оларға Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Мереке ҚҰЛКЕНОВ бастаған қазылар алқасы баға берді. 23 қазан 2019, 19:20 5 300 рет қаралды
Атырауда әскерге шақыртылған 30 сарбаз әскери қызметін өтеуге  аттанды Басқа жаңалықтар

Атырауда әскерге шақыртылған 30 сарбаз әскери қызметін өтеуге аттанды

15 қазан күні Жеңіс саябағында әскерге шақыртылған 30 сарбазды Жамбыл облысына аттандыру үшін салтанатты шара өтті.  Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев, сондай-ақ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев қатысты. Шараның құрметті қонақтары  сарбаздарға әскери міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, абыроймен Отан алдындағы борышын өтеп келуді тіледі. 16 қазан 2019, 15:22 2 919 рет қаралды
Радикализмге қарсы иммунитет – рухани тәрбие Басқа жаңалықтар

Радикализмге қарсы иммунитет – рухани тәрбие

Жуырда Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде облыстағы пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері «Шапағат» деструктивті діни ағымнан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Сұлтан САРИЕВПЕН кездесті. Шара барысында ол радикалдық діни ағымдарға, экстремизмге қарсы тұруда иммунитет қалыптастыру жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.   14 қазан 2019, 14:17 2 763 рет қаралды
Министрлер де жас болған Басқа жаңалықтар

Министрлер де жас болған

11 қазанда Атырауға министрлер десантымен келген ақпарат және қоғаммен байланыс  министрлігінің вице-министрі Данияр ЕСИН  «Азаматтық орталық» КМК-да болып, үкіметтік емес ұйымдармен кездесті. Вице-министрдің айтуынша, осындай азаматтық орталық тек Нұр-Сүлтан мен Атырауда ғана жұмыс істейді. Қазір елімізде 20 мыңның үстінде үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, бірақ оның тек 15 мыңдайы ғана жұмыс істеп отыр. Сурет 13 қазан 2019, 11:57 3 489 рет қаралды
Дарабоз-2019 Басқа жаңалықтар

Дарабоз-2019

12 қазанда Атырауда ұлттық спорт түрлерінен екі күнге жалғасқан дәстүрлі «Дарабоз» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарыс барысында Атырауда тұңғыш рет «Алтын тұлпар - Жайық жағасында» 5-ші республикалық турнирі де ұйымдастырылды. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 13 қазан 2019, 14:53 4 663 рет қаралды
Екі үйге бір жер тар болады Басқа жаңалықтар

Екі үйге бір жер тар болады

Жыл басынан бері Атырау қалалық сотында екі талапкердің бір жер учаскесіне таласуы бойынша 5 шағым қаралған. Соттасып жатқандардың көпшілігінде кезегімен белгіленген жер учаскесіне шешім күтіп отырған кезде бұл аумақ басқа біреудің иелігінде болып шыққан. Осындай түсініксіз жағдайға қала тұрғыны Ақмарал УАХИТОВА тап болыпты. Сурет 9 қазан 2019, 11:48 5 124 рет қаралды
АӘК төлеуде өзгерістер бар Басқа жаңалықтар

АӘК төлеуде өзгерістер бар

Жыл басынан бері еңбек биржасы арқылы 18700 адам әртүрлі жұмыстарға орналасты. Әлі 10 мыңнан астам адам жұмыссыздар ретінде тіркелген.  Бұл туралы брифингте Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік ҚАМИДОЛЛА мәлімдеді. Ал АЖ сауалдары негізінен атаулы әлеуметтік көмек туралы болды. 8 қазан 2019, 11:32 3 139 рет қаралды
Атырауда облыстық перзентхананың бас дәрігері пара берді деген күдікпен қамауға алынды Басқа жаңалықтар

Атырауда облыстық перзентхананың бас дәрігері пара берді деген күдікпен қамауға алынды

Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВТЫ ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-баптың 3-тармағы - 367-баптың 3-тармағының 1-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беру) және 99-баптың 2-тармағының 3, 7-тармақшасы (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өлтiруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Толықтырылды 3 қазан 2019, 16:12 5 302 рет қаралды
Миллион Атырауда қалды Басқа жаңалықтар

Миллион Атырауда қалды

20 қыркүйекте Доссор кентінде Мақат ауданының 95 жылдығына орай «Мақатым – мақтанышым»  тақырыбында ұйымдастырылған аймақтық ақындар айтысына Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысынан 20 ақын қатысып, бас бәйгесі мен 1 млн теңге сыйлығын атыраулық ақын Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ жеңіп алды. 25 қыркүйек 2019, 11:06 3 960 рет қаралды
«Ұлы дала тарихы» Басқа жаңалықтар

«Ұлы дала тарихы»

20 қыркүйекте осындай атаумен Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» жалпыреспубликалық акциясы басталып, қала тұрғындары мен қонақтары алғашқы күні Құрманғазы ауданының көшпелі музейі жәдігерлерін тамашалай алды.   Сурет 24 қыркүйек 2019, 12:07 3 528 рет қаралды
Полициядан ұрлай алмайсың Басқа жаңалықтар

Полициядан ұрлай алмайсың

Шілдеде Атыраудағы Нұрсая ықшамауданында Полиция департаментінің әкімшілік кешенінің құрылысы қайта жанданды. Бұл туралы құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан МЫРЗАБОЛАТОВ хабарлады. Сурет 18 қыркүйек 2019, 10:16 3 650 рет қаралды
Фариза апталығы аяқталды Басқа жаңалықтар

Фариза апталығы аяқталды

Атырауда көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ 80 жылдығына арналған апталық Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында жергілікті өнер ұжымдарының концертімен қорытындыланды. Бұған дейін апталық аясында республикалық ақындар айтысы, сурет көрмесі, поэзиялық кештер өтті. Сурет Бейнежазба 17 қыркүйек 2019, 15:16 6 829 рет қаралды
Атырау әуежайында әскери ұшқыш Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылды Басқа жаңалықтар

Атырау әуежайында әскери ұшқыш Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылды

Бүгін, 16 қыркүйекте, Атыраудың Халықаралық әуежайында жерлесіміз, Ұлы Отан соғысына қатысқан ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз ДОСПАНОВАНЫҢ ескерткіші ашылды. Мәрмәр тастың үстіне орнатылған қола ескерткіш 2,3 метр, ал композицияның жалпы биіктігі - 5,5 метр. Сурет Бейнежазба 16 қыркүйек 2019, 22:20 10 988 рет қаралды
Ақындар мұнайды да жырға қосты Басқа жаңалықтар

Ақындар мұнайды да жырға қосты

7 қырқүйекте Нұрмұхан  Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармонияда қазақ мұнайының 120 жылдығына арналған «Мұнайшылар мұнай бер, соны сізден сұрайды ел» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Жыр додасына Атырау қаласы мен аудандардан 14 ақын қатысып, олардың өнеріне ардагер ақын Жәниба ҚАРАСАЕВА төрағалық еткен қазылар баға берді. 11 қыркүйек 2019, 10:50 3 369 рет қаралды
«Керемет» қоқыс Басқа жаңалықтар

«Керемет» қоқыс

«АЖ»-ға хабарласқан Авангард-3 ықшамауданының тұрғындары «Керемет» ойын-сауық саябағының артында қоқыс қалдықтарының апталап жататынын, қоқысқа жиналған шағала мен қарғалардың дауысы демалуға мұрша бермейтінін айтып шағымданды. 11 қыркүйек 2019, 14:02 3 713 рет қаралды
Атырауда Фариза апталығы басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда Фариза апталығы басталды

Бүгін, 11 қыркүйекте Атырауда Қазақстанның халық жазушысы, жерлес ақынымыз Фариза ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ 80 жылдығына арналған «Патша сөздің Фаризасы» атты әдеби-шығармашылық апталық басталды. Сурет 11 қыркүйек 2019, 15:54 6 047 рет қаралды
«Жұмақ іздеп, тозақтан оралдық» Басқа жаңалықтар

«Жұмақ іздеп, тозақтан оралдық»

Жыл басынан бері ұйымдастырылған «Жусан» гуманитарлық операциясының үш кезеңінде Сириядан Қазақстанға 516 адам, оның ішінде 357 бала әкелінді. «АЖ» тілшісі экстремистік діни ағым ұстанушы күйеуінің уағызымен төрт жыл бұрын кішкентай ұлын ертіп, шекара асқан атыраулық әйелмен әңгімелескен еді. Бейнежазба 5 қыркүйек 2019, 00:00 5 348 рет қаралды
«Мұнай батырдың» соңғы айқасы Басқа жаңалықтар

«Мұнай батырдың» соңғы айқасы

1 қыркүйекте джиу-джитсудан және грепплинг күресінен әлем және Азия чемпионы, «Мұнай батыр» лақап атымен танылған 41 жастағы атыраулық спортшы Тыныс БИСАЛИЕВ жерлестерінің алдында соңғы жекпе-жегін өткізіп, спорттағы мансабын аяқтады. Сурет Бейнежазба 3 қыркүйек 2019, 16:14 4 546 рет қаралды
Жаңа оқу жылына жаңа мектеп Басқа жаңалықтар

Жаңа оқу жылына жаңа мектеп

Бүгін, 1 қыркүйекте Нұрсая ықшамауданында жаңа заманғы талапқа сай салынған 900 орындық орта мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп директоры Жанаргүл АТЧИБАЕВАНЫҢ айтуынша, бүгінде білім ордасына 1237 оқушы тіркелген. Оның 163-і мектеп табалдырығын алғаш аттап отырғандар. Сурет Бейнежазба 1 қыркүйек 2019, 19:00 9 000 рет қаралды
Жедел жәрдем неге кешігеді? Басқа жаңалықтар

Жедел жәрдем неге кешігеді?

Биыл медициналық құрал жабдықтар мен автокөліктерді сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 450 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде облыста 47 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының директоры Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВ хабарлады. 28 тамыз 2019, 09:05 3 543 рет қаралды
Медсақтандыру: 1 қазанға дейін үлгер Басқа жаңалықтар

Медсақтандыру: 1 қазанға дейін үлгер

Бүгінде облыста әлі «медициналық» мәртебесі анықталмаған 28 мың тұрғын бар. Олар 1 қазанға дейін арнайы орындарда тіркеліп, мәртебесін дәлелдеуі тиіс. Сонда ғана 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тіркелген облыс тұрғындарымен бірге клиникаларда бұған дейін ақылы болған дәрігерлік скринингтен өту, оңалту қызметтерін алу, денсаулығы туралы анықтама алу қызметтерін тегін ала алады. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМУРЗИЕВА мәлімдеді. 27 тамыз 2019, 10:26 3 405 рет қаралды
Әлібек алаңында жаңа есімдер ашылады Басқа жаңалықтар

Әлібек алаңында жаңа есімдер ашылады

21-23 тамызда «Ақжелкен» шығармашылық орталығында ақын-жазушы, журналист Әлібек Қайыровтың шығармашылығына арналған «Әлібек» ақындар алаңы аясында поэтикалық сайыс өтті. Сурет Бейнежазба 27 тамыз 2019, 10:29 5 157 рет қаралды
Тамыз конференциясы: мұғалімдерге арналған бес күндік, жеңіл портфель және колледждердегі шәкіртақы Басқа жаңалықтар

Тамыз конференциясы: мұғалімдерге арналған бес күндік, жеңіл портфель және колледждердегі шәкіртақы

Облыс мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өткен Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының шағын залы бұл күні лық толып, тіпті, әдетте баспасөз еркін жайғасатын екінші қабаттың балкондарында да конференцияға қатысушылар тығылыса отырды. Бұл шараны бастапқыда көп адам сыятын облыстық драма театрының жаңартылған ғимаратында өткізу жоспарланған еді, қонақтар да соның есебінен шақырылған шығар. Сурет 26 тамыз 2019, 16:23 5 680 рет қаралды
Тұрғындар қалашығының көлеңкелі жағы Басқа жаңалықтар

Тұрғындар қалашығының көлеңкелі жағы

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаладан екі шақырым жерден тұтқындар салған мұнайшылардың тұрғын үй қалашығы кейіннен қаланың ең көрікті де көгалды жері болып саналды.   Арада жетпістен аса жыл өткенмен сыры кетсе де, сынын сақтаған ғимараттар да бар. Сондай-ақ уақыт тезіне шыдамай тозғандары да тұр.  Әуезов көшесінің Оңдасыновпен қиылысатын тұсында иесіздіктен қирай бастаған  14 үй тұр. Бұлар апатты деп танылып, тұрғындары көшіп кеткен. Тек бір пәтерде ғана   ерлі-зайыпты қариялар тұрады. Сурет 21 тамыз 2019, 10:00 5 245 рет қаралды
Жолақыны қолма-қол төлеу 150 теңгеге дейін қымбаттайды, электрондық төлем өзгермейді Басқа жаңалықтар

Жолақыны қолма-қол төлеу 150 теңгеге дейін қымбаттайды, электрондық төлем өзгермейді

1 қыркүйектен бастап Атырау қаласында қоғамдық көліктердегі жолақыға жаңа тариф енгізіледі. Енді жолақы электронды төлем жасағанда ғана 80 теңге, ал қолма-қол төлеу кезінде 150 теңге болады. Сурет 14 тамыз 2019, 14:27 4 359 рет қаралды