Атырау, 24 қараша 01:00
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы жол апатында «жедел жәрдемнің» екі қызметкері жарақат алды

Толықтырылды Сурет
6 522 просмотра

Бүгін, 5 қарашада, таңертеңгі 9 шамасында Алмагүл ықшамауданындағы Бейбарыс даңғылы мен Амандосов көшесі қиылысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, жедел-жәдем көлігі бағдаршамның қызыл түсіне қарамай жолдан өтіп, «ВАЗ 21014» көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Camry 45 және LADA Largus көліктері де зардап шеккен.

Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Ерлан СҮЙЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, «жедел жәрдемнің» екі қызметкері жеңіл жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілген. 

Полиция департаментінің ақпары:

- «Жедел жәрдем» көлігі Сатыбалдиев көшесімен келе жатып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, Амандосов көшесінде жасыл түстен өтіп келе жатқан «Ваз 21014» автөкөлігімен соқтығысқан. Көлікте жүргізуші және екі фельдшер болған. Науқас адам болмаған. Апат салдарынан Toyota Camry 45 және LADA Largus көліктері де зардап шеккен. Оқиға орны сызылып, тексерілуде. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

5 қараша 2019, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.