Атырау, 24 қараша 09:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақындар Салауатты еске алды

4 713 просмотра


24 тамызда Құлсары қаласында айтыскер ақын Салауат Исахаевты еске алуға арналған «Елі сүйген – Салауат» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.

Жыр додасына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 12 ақын қатысып өнер көрсетті. Айтысқа Салауаттың тұяғы 15 жасар Ернұр Исахаевтың алғаш шығуы басты жаңалық болды. Ақындардың өнеріне ақын Жәкен ОМАРОВ бастаған қазылар төрелік етті.

Сайыс қорытындысында Орал қаласынан келген Мұрадым МИРЛАНОВ бас жүлдені қанжығаласа (300 мың теңге), жылыойлық Сырымбек СӘРСЕНБАЕВ 1-ші орын (200 мың), атыраулық Шалқарбай ІЗБАСАРОВ екінші орын (150 мың) иеленді. Ал маңғыстаулық Абай ЖОЛМАҒАНБЕТОВ пен ақтөбелік Жәнібек БЕЙБІТОВ үшінші орынды (100 мың теңгеден) бөлісті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 тамыз 2019, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.