Атырау, 24 қараша 10:10
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әлібек алаңында жаңа есімдер ашылады

Сурет Бейнежазба
4 930 просмотра

Айнагүл КЕМАЛИЕВА

21-23 тамызда «Ақжелкен» шығармашылық орталығында ақын-жазушы, журналист Әлібек Қайыровтың шығармашылығына арналған «Әлібек» ақындар алаңы аясында поэтикалық сайыс өтті.

Ақындар алаңына Атырау қаласы мен аудандардан 10 үміткер қатысып,  өздерінің лирикалық өлеңдерін оқыды. Ақындардың өнеріне жергілікті мәдениет майталмандары Жәниба Қарасаева, Өтепберген Әлімгереев, Абат Кенжеғалиев, Бүркіт Базарбаев және Әлібек ағаның жары Сара куә болып, бағасын берді.

Айнагүл КЕМАЛИЕВА, «Әлібек» ақындар алаңының жетекшісі:

- Ақындар алаңы 1 наурызда ашылып, содан бері өлеңге таласы бар жастарды ортаға жинап келдік. Бүгінгі шара - сол ақындардың алғашқы тұсаукесері. Жыл соңына дейін барлық аудандарды аралап, аудандардағы танылмай жүрген жастарды да ортаға тартқымыз келеді. Бұл орта олардың бас қосып, өлеңдерін оқып, бір бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.

Төрт кезеңнен тұрған өнер сайысы қорытындысында атыраулық жас ақын Равиль АШЫҒАЛИЕВ бас жүлдеге ие болса, Асылбек ЕСЖАНОВ бірінші, Жайнұр АРДАҚҚЫЗЫ екінші, Баймұрат КЕҢЕС үшінші орынды қанжығалады.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

27 тамыз 2019, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.