Атырау, 24 қараша 09:35
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жедел жәрдем неге кешігеді?

3 417 просмотра


Биыл медициналық құрал жабдықтар мен автокөліктерді сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 450 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде облыста 47 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының директоры Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВ хабарлады.

АЖ сауалы:

Құлсары қаласындағы жедел жәрдем қызметіндегі олқылықтар туралы газетімізде жазғанбыз. Бұл мәселелер шешілді ме?

- Қазір құрал жабдықтарды сатып алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қыркүйек айында Құлсарыдағы жедел жәрдем қызметі толық қамтылатын болады. Құрал жабдықтар ішінде стандартқа сай зембілдер, өкпеге жасанды ауа беру аппараттары бар.

- Тұрғындар әлі де болса жедел жәрдемнің уақытында келмейтіні жөнінде шағымданады...

- Бұған, біріншіден, көліктердің ескіргені, қаладағы кептеліс және IV санаттағы шақыртулардың көбейгені себеп. Түсіндіріп кетсем, шақыртулар 4 санатқа бөлінеді. Бірінші санат - есін жоғалту немесе клиникалық өлімде жатқан адамға шақырту. Оған 10 минут ішінде жетеміз. Екінші санаттағы шақырту – науқастың өміріне қауіп төнуі мүмкін жағадйда - оған 15 минут ішінде барамыз. Үшінші санат – науқастың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін жағдайда 30 минут ішінде, төртінші санаттағы шақыртуға 1 сағат ішінде барады. Төртінші санаттағы науқастар көбіне созылмалы сырқаты бар адамдар, яғни, емханаға өз аяғымен келуге мүмкіндігі бар науқастар. Осындай шақыртулардың көптігінен жедел көмекті қажет етіп отырған науқастарға кешігіп барып жатамыз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

28 тамыз 2019, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.