Атырау, 24 қараша 13:09
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жолақыны қолма-қол төлеу 150 теңгеге дейін қымбаттайды, электрондық төлем өзгермейді

Сурет
4 226 просмотра


1 қыркүйектен бастап Атырау қаласында қоғамдық көліктердегі жолақыға жаңа тариф енгізіледі. Енді жолақы электронды төлем жасағанда ғана 80 теңге, ал қолма-қол төлеу кезінде 150 теңге болады.


«Смарт-Атырау» КМК басшысы Әділбек ТАНКИЕВ бұл - тарифке өзгеріс енгізу емес, жолаушыларды электрондық төлем жүйесіне көшіру үшін жасалып отырған қадам деп түсіндірді.

«АЖ» сауалдары:

- Бүгінгі таңда 50 пайыз жеңілдікпен 40 теңге төлеп келген мүгедектер мен оқушылардың жолақысы қанша болады? Олар 50 пайыздық жеңілдігі бар карточканы қалай ала алады?  

- Карточканы 2-3 күн ішінде барлық кондукторлар сатады. Бұрын кім қанша төлеп келген болса, электронды төлемде дәл солай қала береді. 50 пайыз жеңілдікпен төлейтіндердің қатарына тек көп балалы аналар қосылды. Жолақысының жартысын төлеу үшін валидатор экранында 40 (толық төлеу үшін 80) теңге деп көрсетілген. Алдағы уақытта жеңілдікті пайдаланатындар үшін бөлек карточка жасалынатын болады. Айта кету керек, студенттер мен оқушылар күніне 2 рет тегін жүреді, үшінші рет жүргенде 40 теңге төлейтін болады.

 - Жолаушылар қала сыртындағы көптеген маршрутта валидатор жоқ екенін айтады. Барлық автобустар онлайн төлемге көшуге дайын ба?

- Қазіргі кезде қала ішінде онлайн төлемге көшпеген 2-3 маршрут бар. Олар қыркүйекке дейін электронды жүйемен толық қамтылатын болады. Енді валидаторларда байланыс болмай қалды деген мәселе болмайды. Жасамай қалса, оған жолаушы кінәлі емес.

- Онлайн төлемді қандай әдіспен жүзеге асыруға болады?

- Онлайн төлемді смс-код арқылы (әр маршруттың коды автобустарда көрсетілген),  кез-келген банктің телефондағы қосымшасымен QR код арқылы және электронды смарт карта арқылы жүзеге асыруға болады. Жол жүру картасының құны баланссыз 300 теңге.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суреттерді түсірген автор

14 тамыз 2019, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.