Бүгінде облыста әлі «медициналық» мәртебесі анықталмаған 28 мың тұрғын бар. Олар 1 қазанға дейін арнайы орындарда тіркеліп, мәртебесін дәлелдеуі тиіс. Сонда ғана 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тіркелген облыс тұрғындарымен бірге клиникаларда бұған дейін ақылы болған дәрігерлік скринингтен өту, оңалту қызметтерін алу, денсаулығы туралы анықтама алу қызметтерін тегін ала алады. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМУРЗИЕВА мәлімдеді.
- Қазіргі кезде тегін медециналық көмек үшін жарнадан жиналған қаржы әр адамға шаққанда 51 мың теңгені құрап отыр,- деп атап өтті Аймурзиева. - Келер жылы МӘМС қорынан қосымша тағы 49 мың теңге аударылып, әр адамға шаққанда бір жылға 100 мың теңгеге дейін жететін болады. Ол медициналық көмек сапасының артуына үлкен көмек.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор