Шілдеде Атыраудағы Нұрсая ықшамауданында Полиция департаментінің әкімшілік кешенінің құрылысы қайта жанданды. Бұл туралы құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан МЫРЗАБОЛАТОВ хабарлады.
- Кешен құрылысы 2017 жылдың мамыр айында басталып, оны 2020 жылдың мамырында тапсыру жоспарланған болатын. Келісімшартқа сәйкес, нысанның жалпы сметалық құны - 5 миллиард 552 миллион 364 мың теңге. Бас мердігер - «TSG Construction» ЖШС.
- Кешен 2017 жылдың мамыр айында салына бастады, ал құрылысты аяқтау 2020 жылдың мамыр айына жоспарланған болатын. Келісімшарт бойынша нысанның жалпы сметалық құны - 5 миллиард 552 миллион 364 мың теңге. Бас мердігер - «TSG Construction» ЖШС.
- Алдыңғы жылдың аяғында құрылыс неліктен тоқтады?
- 2017 жылғы желтоқсанда жобалау-сметалық құжаттамада анықталған кемшіліктерге, сондай-ақ, құрылыс барысында жіберілген олқылықтарға байланысты жұмыстар тоқтатылып, жобалау-сметалық құжаттама түзетуге жіберілді.
- Нұрсая тұрғындары құрылыс алаңының кіре берісі осы уақытқа дейін ашық болғанын айтады. Материалдар ұрланып, құрылымдар пайдасыз болып қалған жоқ па?
- Тоқтатылған сәттен бастап нысан күзетілді, құрылыс материалдары ұрланған оқиғалар тіркелген жоқ. Ол кезде тек монолитті темірбетон құрылымдары бойынша жұмыстар жүргізілді. Қолданылған бетон маркаларының беріктігін ескерсек, олар құрылыс қайта жалғасқанға дейін коррозияға және басқа зақымдарға ұшырамады.
Н.Мырзаболатовтың айтуынша, бүгінде жобалау құжаттамасын түзету толықтай аяқталып, мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарын қайта бастаған. Енді нысанды тапсыру мерзімі 2021 жылдың маусымына ауыстырылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ