Атырау, 24 қараша 09:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ІІД ғимараты қандай болады?- 2

Сурет
4 278 просмотра


Нұрсая ықшамауданында салынып жатқан Атырау облыстық ІІД кешенінде тірі жан жоқ. Өңірлік құрылыс басқармасындағылар «АЖ» тілшісіне нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 2017 жылдың желтоқсан айында тоқтатылғанын хабарлады.

Сол кезде TSG Constraction мердігер компаниясы нысанның іргетасын құйып, әкімшілік ғимараттың барлық бес блогының темір-бетонды қаңқасын, казармалар мен спорт блогын тұрғызған. Бүгінгі таңда жобаның 5,5 млрд теңге жалпы сметалық құнының 800 млн теңгесі игерілген.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Мерей ЖАНТӨРЕЕВТІҢ айтуынша, жобалау-сметалық құжаттамада кешеннің негізгі құрылымдық бөліктеріне қатысты кемшіліктердің анықталуына байланысты құрылыс тоқтатылған. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жұмыстары аяқталуда, құрылысты биылғы жылдың шілдесінде жалғастыру жоспарланған.

- Сонда нысан кестеден жарты жылға кешіктіріліп тапсырыла ма?

- Жоқ, құрылысты аяқтаудың бастапқы уақыты - 2020 жылдың мамыры - өзгеріссіз қалады, - деп жауап берді Жантөреев.

- Жоба қандай сомаға қымбаттайды?

- Жобаның түпкілікті құны туралы ақпаратты тек мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алғаннан кейін ғана ұсына аламыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

8 маусым 2018, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.