Тenderplus.kz мемлекеттік сатып алулар сайтында Нұрсая ықшамауданындағы ІІБ-нің жаңа ғимараты құрылысының құны көрсетілген: 4 млрд 957 млн 468 мың 566 теңге. Осы сайтта, сонымен қатар, жобалық құжаттармен де танысуға болады.
ІІБ-нің әкімшілік кешені салынуда: бес блоктан тұратын кеңсе; спорт кешені; 100 әскери қызметшіге арналған казарма және Жедел әрекет ету отрядының 100 жауынгеріне арналған жатақхана; кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (ЦАН) және уақытша ұстау изоляторы (ИВС); әрқайсысы 16 бірлік техникаға арналған ангарлық типтегі екі бокс; генераторы бар траснформаторлы қосалқы станция және қазандық.
Әкімшілік полицияның қазіргі кеңсесін ІІБ-ның болашақ кешенінің бір бөлігі деп есептеуге болады.
ІІБ кешенінің жалпы аумағы – 4 гектар, аумақтың тең жартысына жасыл желек егу жоспарланған.
Ал, кеңсенің жалпақтығы 120 метрді құрайды, ол бес блоктан тұрады.
Біз облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВТАН комментарий беруін өтінгенде ол құрылыс құнын басқаша атады: 5 млрд 552 млн 364 мың 793 теңге. Мерзімі – 2017 жылдың мамырынан бастап 2020 жылдың мамырына дейін.
Бас мердігер TSG Constraction ЖШС-нің директоры Ерлан АТКИЕВТІҢ айтуынша, қазір құрылысшылар іргеқабат пен бағаналарды құйып жатыр. Жоба қымбаттау бағытына қарай бірнеше рет қайта қаралуы мүмкін: себебі, оны бірнеше жыл бұрын жасаған, одан бері құрылыс материалдарының бағасы көтеріліп кетті.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор