Тұлпар жаңа ықшамауданының арт жағындағы далалықта ІІБ-нің жаңа кеңсесінің құрылысы басталғаны туралы мынадай жерге қағылған белгілерді байқауға болады.
Ары қарай велосипедпен құрылыс алаңын іздеуге шықтым. Оны Рыспай Ғабдиев көшесі мен Әбілхайыр хан даңғылының қиылысқан тұсынан таптым. Баннердегі нысанның құжатына сәйкес, ІІБ бұл жерге 2019 жылдың желтоқсанында көшіп келмек. Құрылыс 2017 жылдың мамырында басталған. Мердігер – «Тараз сәулеті» ЖШС. Жұмысшылар іргеқабатын құйып жатыр. Нобай бойынша жаңа кеңсе бес немесе алты қабатты әрі облыс әкімдігінің ғимаратына ұқсас болмақ. Ал, тұрғындар ІІБ жаңа ғимаратынсыз-ақ Рыспай Ғабдиев көшесінде көлік ағыны шамадан артық деп есептейді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор