7 қырқүйекте Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармонияда қазақ мұнайының 120 жылдығына арналған «Мұнайшылар мұнай бер, соны сізден сұрайды ел» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Жыр додасына Атырау қаласы мен аудандардан 14 ақын қатысып, олардың өнеріне ардагер ақын Жәниба ҚАРАСАЕВА төрағалық еткен қазылар баға берді.
Айтыскерлер қазақ мұнайының елдің өркендеуіне қосқан үлесін, оны өндірудегі қиындықтар мен табыстармен қатар қоғамның басқа да мәселелерін жырға қосты.
Айтыс қорытындысы бойынша, жылыойлық мұнайшы ақын Сырымбек СӘРСЕНБАЕВ бас жүлдеге лайық деп танылса, бірінші орынды исатайлық Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ еншіледі. Ал жүлделі екінші орын айтысқа алғаш қадам басқан мектеп оқушылары - құлсарылық Ернұр ИСАХАЕВ пен қызылқоғалық Батыржан КӘДІРБАЙҒА, үшінші орын қызылқоғалық Бимырза ӘБІЛҚАЙЫР мен индерлік Нұрасыл ИСАЕВҚА және осы жолдардың авторына бұйырды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор