Атырау, 17 қыркүйек 15:26
Кешке ашық+20, түнде +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 385.16  € 425.95  P 6.01

Атырау драма театры өртеніп жатыр ДОПОЛНЕНО    

22 тамыз 14:57

Аман Мутигуллин түсірген сурет

Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театры өртеніп жатыр.  

«АЖ»-ға өрт сөндіру қызметінің диспетчері хабарлағандай, өрт туралы сигнал сағат 13.30-да келіп түскен, ғимарат ішіндегі электр қалқаны тұтанған.

Қазіргі уақытта өрт күшеюде. Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Бұдан басқа,  өртті сөндіруге басқа мамандандырылған ұйымдардан жәрдем шақырылды.

Өртке қарсы қызметтің соңғы ақпараттары бойынша, жалпы ауданы 6000 шаршы метр драма театрдың 1500 шаршы метрі өртенген. Өртті сөндіруге 15 бірлік техника мен 45 адам қатысқан. Аумақты полиция қоршауға алған. Өрт 16:20-де ауыздықталған. Қазір шатырды ашу жұмыстары жүріп жатыр.  

Естеріңізге салсақ, жуырда облыстық драма театрында 800 миллион теңге бюджет қаржысы жұмсалған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған болатын.






Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

2049 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3

Последние новости