Атырау, 28 наурыз 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Атырауда Фариза апталығы басталды

Сурет
5 247 просмотра

Бүгін, 11 қыркүйекте Атырауда Қазақстанның халық жазушысы, жерлес ақынымыз Фариза ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ 80 жылдығына арналған «Патша сөздің Фаризасы» атты әдеби-шығармашылық апталық басталды.

Апталықтың ашылу шарасына Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВАҚазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ бастаған мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып, ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан соң Фариза ескерткіші алдында мектеп оқушылары ақыннын өлеңдерін оқып, шара Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Ф.Оңғарсынова – көрнекті ақын, қоғам және мемлекет қайраткері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты.

Апталық аясында бүгін 18:00-де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Ар мен ақын» қойылымы сахналанады.

12-13 қыркүйек күндері сағат 10:00-де Балықшыдағы облыстық халық шығармашылығы орталығында «Жыр жұлдызы – Фариза» атты республикалық ақындар айтысы;

12 қыркүйек 16:00-де Ш.Сариев атындағы көркем сурет және қолданбалы сәндік өнер музейінде «Поэзия падишасы бояулар тілінде» суретшілер симпозиумы;

13 қыркүйек 17:00 де Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Фариза жұлдыздары» жас ақын жазушылар клубының поэзиялық кеші;

14 қыркүйек 18:00 де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында қорытынды мерекелік концерт.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

11 қыркүйек 2019, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.