Атырау, 24 қараша 07:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Керемет» қоқыс

3 586 просмотра

«АЖ»-ға хабарласқан Авангард-3 ықшамауданының тұрғындары «Керемет» ойын-сауық саябағының артында қоқыс қалдықтарының апталап жататынын, қоқысқа жиналған шағала мен қарғалардың дауысы демалуға мұрша бермейтінін айтып шағымданды.

Аталған орынға барған «АЖ» тілшісі төгілген қоқыстар саябақты сенімгерлік басқаруға алып, құрылыс жүргізіп жатқан кәсіпкерге тиесілі екенін анықтады.  

Бұл жерде қоқыс шәшіктері атымен жоқ. Саябақта демалушылар ішіп-жеп шашқан қалдықтарын (сусынның шөлмектері, түрлі тағамдардың қаптамалары) әр жерге шашып кетеді екен. «Керемет» саябағының атқарушы директоры Болат ТӘЖИЕВ былай дейді:

- Қоқысты тұрғындар қалдырады. Бұл қоқыстың арасында сауда жасап жүрген кәсіпкерлердің де үлесі бар. Біз барлығын жинап, лақтыратын басқа жеріміз болмаған соң, арттағы бос орынға жинай береміз. Қазір қоқыс жәшігін орнату үшін қалалық ТКШ бөлімімен келісімшарт жасап жатырмыз. Жәшіктер орнатылғанша қоқысты осы жерге тастап, 3-4 күнде бір тиеп жібереміз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор

11 қыркүйек 2019, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.