Атырау, 23 желтоқсан 20:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Дәрігерді де таңдай аласыз Сұрақ-жауап

Дәрігерді де таңдай аласыз

– Біз №1 емханаға қараймыз. Бұрын біздің балаларымыз педиатр-дәрігер Роза ЕЛЕУСІНОВАНЫҢ қарауында болатын, ал, қазір жалпы тәжірибелік дәрігер-фельдшер МҰҚАНОВА қарайтын болды. Бұл сонда қалай болғаны?  Біз дәрігерімізді ауыстыруға құқылымыз ба? 21 қараша 2012, 18:58 2 462 рет қаралды
Сәбилерге арналған «диета» Сұрақ-жауап

Сәбилерге арналған «диета»

– Алмагүл мөлтек ауданындағы емханада тамыз, қыркүйек айларында «Нестожен-2» сүт қоспасын қазан айында берілетін қоспамен бірге беріледі деп бермей тастады. Бірақ, қоспаның аз болғандығынан бізге тек қазан айының ғана нормасын берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында стационарларға қоспалар тапсырыстар бойынша берілетіндігін айтты, демек, бұл проблема емхананың кінәсінен туындаған болып отыр. Ал, енді бізге  қоспалар келесі жылдың сәуір айына дейін болмайтындығын ескертті, мен тек тегін балалар қоспасын ақпан айына дейін ғана аламын. Бұл жағдайда не істеуге болады? 21 қараша 2012, 19:04 3 324 рет қаралды
Жұмыстан қысқарсаң, өтемақы ал Сұрақ-жауап

Жұмыстан қысқарсаң, өтемақы ал

– Жұмыстан маған қысқарту болатындығы және еңбек келісім-шартының бұзылатындығы жөнінде хабарлама берілді. Еңбек қатынастары бұзылған жағдайда еңбек кодексімен өтемақының қандай түрлері қарастырылған? 21 қараша 2012, 19:07 13 893 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Нарықтық қатынастар

- Бүгінгі күні мен өз атымдағы тұрғын үйге жатпайтын нысанды 11 айға жалға алуға ұсыныс білдірген алматылық компаниямен келіссөз жүргізудемін. Жалға алу сомасымен келісімге келдік. Білейін дегенім, жалға беру келісім-шартында көрсетілуі тиісті басқа қандай маңызды шаралар бар? Бұл салада менің тәжірибем жоқ. Сондықтан да алдын-ала сақтанғым келеді. Компания тіркеуден Алматыда өткен, Атырауда олардың ешқандай мүлкі жоқ. Олардың тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда қай сотқа шағымдануым керек? 14 қараша 2012, 17:47 2 430 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тариф бақылауда

– Таяуда бізге газбен жабдықтаушы компанияның тексерушісі газ тарифтерінің өсетінін хабарлады. Қателеспесем, тарифтерді бекіту жөнінде меморандумға қол қойылмап па еді. Тарифтер қандай себептерге байланысты өсірілмек? Төлемдерді қабылдау қосындары қаланың түрлі аудандарынан ашыла ма? Біздер үшін Алмагүл мөлтек ауданына үнемі барып төлеу қолайсыз. 14 қараша 2012, 17:58 1 822 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ата-аналардың құқығы бірдей

– Ажырасқаннан кейін бұрынғы жұбайым екі баланы алып, селода тұратын өз анасының қолына кетті. Ол жерде ешқандай жағдай жоқ. Оның үстіне ол маған балаларыммен кездесуге және демалыс күндері алып кетуіме рұқсат бермей отыр. Оның өзі еш жерде жұмыс жасамайды, тіркелген тұрақты мекен-жайы да жоқ. Мұндай жағдайда әкесі балаларға деген өз құқығын талап ете ала ма? 14 қараша 2012, 18:07 3 324 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қылмысы бойынша жаза қолданылады

– Жақында менің құрбымның баласы тонау кезінде қолға түсті. Қонақ үйдің қауіпсіздік қызметкерлерінің  айтуынша, ол балконның ашық есігі арқылы нөмірге кіріп, бөлме тұрғынының ұйықтап жатқанын пайдаланып, үстел үстінде жатқан әмияннан ақшаны алып, қайтадан балкон арқылы шығып кетуге тырысқан. Ұйқысынан оянып кеткен әйел адам осал болмаған, бірден жігіттің қолына жармасып, айқайлап көмекке шақыра бастаған. Олар қолдасқан күйі дәлізге шығады да, жігіт қалтасындағы ұрлаған ақшаны лақтырып жібереді. Кейін әлгі әйелден құтылғысы келіп, жұдырығымен әйелдің бетінен ұрып жіберген... 7 қараша 2012, 17:40 2 691 рет қаралды
Баланың өз үлесі бар Сұрақ-жауап

Баланың өз үлесі бар

- Мен күйеуіммен ажырастым, баламды өзім тәрбиелеп жатырмын. Ажырасу барысында мен алиментті талап етпедім. Бұрынғы күйеуіммен ешқандай байланыстың болмағанын қалаған едім. Некеміз бұзылғаннан кейін 3 жыл уақыт өткенде мен алиментті өндіртіп ала алам ба? Қазір балама тек 6 ай ғана болды, болашақта жағдайымыз өзгеруі де мүмкін, сондықтан да балам екеумізге қосымша ақша қажет болады деп ойлаймын. 7 қараша 2012, 17:56 6 760 рет қаралды
Несие алуға үміт жоқ Сұрақ-жауап

Несие алуға үміт жоқ

– Жалақым аз болғандықтан банктен көлік сатып алатын несие ала алмай жүрмін. Менің білуімше, банктер ықтимал қарыз алушылардың зейнетақы жарналары туралы мәліметтерге сүйене отырып, табысты тексереді. Егер мен 10 пайыз тиесілі зейнетақы жарнасына тағы да ерікті түрде 10 пайыз салып тұрсам, бұл несие рәсімдеу кезінде ескеріле ме? Немесе, мәселен, жұмыс беруші зейнетақы қорына 10 пайыз емес, менің жалақымның 20 пайызын аударып тұрса ше? 31 қазан 2012, 18:12 2 529 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек етпесең, елге өкпелеме

– Менің жұмыссыз жүргеніме бір жылдан асты. Өткен жылы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барғанымда маған осында есепке тұруым керектігін және кейін мені қандай да болмасын бір мамандыққа оқытатындықтарын айтқан еді. 2011 жылдың 11 наурызында мен жұмыссыз ретінде халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барып (тіркелген нөмірім 02116712) тіркелдім. Бірақ, маған бүгінгі күнге дейін жұмыс не қайта оқыту жөнінде бірде-бір ұсыныс келіп түскен жоқ. Бәлкім, менің деректерім жоғалып кеткен болар? Оны қалай тексеруге болады? 24 қазан 2012, 22:46 3 986 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Өзгенің ақшасы керек емес

– АМУ-нің жаратылыстану факультетінің грантта оқитын студенттерінен стендіге ақша жинауда. Грантта оқитындарды университеттің шығындарын төлеуге неге мәжбүрлейді? Әдетте олар коммерциялық оқу есебімен жабылмай ма? 24 қазан 2012, 22:56 2 096 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кез-келген ақау сіздің есебіңізден

- Біз үйдің шатыры үшін танымал атыраулық бір компанияға металл черепицаға тапсырыс бердік. Олар бізге тапсырысты сапалы орындауға уәде еткен болатын. Нәтижесінде үйдің шатырын әбден жауып болып келгенде металл черепицаның түрінің әр түрлі екендігі белгілі болды. Біз бірден компанияға кемшіліктерін айтып, талап ете бастадық. Олар өз кінәларын  мойындағанмен, келтірілген зияндарын толық өтеуден бас тартты. Бізге тапсырыстың құнынан ондаған есе төмен 70 мың теңгені ғана қайтаратындарын мәлімдеді. Сонда қалай, ақыр соңында біз черепицаны өз ақшамызға ауыстыруға тиіспіз бе? Біз өз құқығымызды қалай қорғай аламыз? Қолымызда төлем чегі мен металл черепицаға берілген бір жылдық кепілдік бар. 24 қазан 2012, 23:23 2 006 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сот шешімі болса жарайды

– Мен күйеуіммен 2003 жылы ажырастым, сол кезде қолыма ажырасу жөніндегі сот шешімінің көшірмесін алдым. Енді қазір жаңа некеге тұрғым келеді, бірақ, хал-актілерін тіркеу бөлімінде біздің өтінішімізді алудан бас тартып отыр, өйткені, менде ажырасу жөніндегі куәліктің түпнұсқасы жоқ. Оны қайдан алуға болады?  24 қазан 2012, 23:25 2 350 рет қаралды
Шеберге арналған жұмыс көлемі Сұрақ-жауап

Шеберге арналған жұмыс көлемі

– Қолданыстағы нормалар мен нұсқаунамаларға сәйкес өндірістік оқыту шеберінің сағаттық мөлшерлемесі қандай? Мәселен, біздің колледж оқытушысының мөлшерлемесі – 780 оқу сағаты, ал өндірістік оқыту шеберлеріне 1200 сағат белгілеген. Осы заңды ма? 17 қазан 2012, 21:19 3 294 рет қаралды
Жол келесі жылы болуы мүмкін Сұрақ-жауап

Жол келесі жылы болуы мүмкін

– Біз Атырау қаласының Қайыршақты округінің Томарлы поселкесінде Аманжол Оралов көшесінде тұрамыз. Биыл көшемізге тек қиыршық тастар төгіп, ал асфальтты ақыры төсеген жоқ. Көршілес Жұлдыз және Геолог-2 тұрғын үй массивтеріндегі жолдар асфальтталған.  Біздің көшемізге кезек қашан келеді? 17 қазан 2012, 21:30 2 463 рет қаралды
Сұрақ-жауап

50 пайыз бәріне тиесілі емес

– Мен ІІ топ мүгедегімін, әдетте автобустарға мінгенде жолақының 50 пайызын төлеймін. Бірақ Еркінқалаға баратын №52 маршрутта мүгедектігім туралы куәлігіме қарамастан менен үнемі 65 теңге жолақы алады. Кондукторлар өздерінің маршруттарында жеңілдіктер қарастырылмағанын айтады. 17 қазан 2012, 21:33 1 833 рет қаралды
Бәрі тірі болуы керек Сұрақ-жауап

Бәрі тірі болуы керек

- Менің 6 баламның біреуі 20 жасында қайтыс болды. Балаларымның біреуі тірі емес деп, маған «Күміс алқа» белгісін рәсімдеуден және жәрдемақы төлеуден бас тартып отыр. Бірақ ол кәмелеттік жасқа толып, маған байланысты емес жағдайда қайтыс болды ғой. 10 қазан 2012, 18:32 3 065 рет қаралды
Тышқаннан құтқарыңдар! Сұрақ-жауап

Тышқаннан құтқарыңдар!

– Біз Балықшыдағы А.Байжігітова көшесіндегі №74 үйде тұрамыз. Бұрын біздің үйіміздің қарсысында өткен жылы күреліп кеткен №72 үй болған еді. Енді күрелген үйдің орнында түзілген құрылыс қоқыстарында пайда болған тышқандар тыныштық берер емес. Оның үстіне жартылай шіріген еден тақтайларынан, линолеумнен, тұрбалардан және т.б. аңқыған сасық иістен тыныстау мүмкін емес. Күрелген үйдің аумағы қашан тазартылады? 10 қазан 2012, 18:37 3 567 рет қаралды
Орталықтың әзірге мөрі жоқ Сұрақ-жауап

Орталықтың әзірге мөрі жоқ

– Мен жер телімін сатып алған едім. Уақытша мемлекеттік актіні тұрақты актіге қайта рәсімдеу үшін Сәтбаев бойындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Бірақ ол жердегілер мөрді ауыстырып жатырмыз деп, құжаттарды қабылдамады. 10 күн өтті, құжаттарды әлі қабылдаған жоқ. Бұған қандай себеп? 10 қазан 2012, 18:42 2 813 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сауықтыру жәрдемақысы жылына бір рет беріледі

– Мен 2011 жылдың қаңтарында химиялық зертханаға жұмысқа орналасқан едім. Алғашқы еңбек демалысымды 2012 жылдың қаңтарында алдым. Демалыс ақысымен бірге маған сауықтыру жәрдемақысын төледі. Сол уақыттан бері 6 ай өтті, мен қайтадан демалысқа шықпақшымын. Бірақ есеп бөліміндегілер биыл алдың деп маған сауықтыру жәрдемақысын аударудан бас тартып отыр. Олардың айтуы дұрыс па? 10 қазан 2012, 18:46 3 287 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Күрелмейді

– Жазда біздің үйлеріміз (Огородный көшесі, 5-үйден Огородный көшесі, 28-үйге дейінгі жеке құрылыстар) күреледі деген қауесет жүрген еді. Содан кейін кенеттен бәрі тынышталып қалды. Күреле ме, жоқ па, соны білгіміз келеді? 10 қазан 2012, 19:52 1 879 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Түбіртектегі «түсінбестіктер»

– Судың (салқын сумен қамту жүйесі) бағасына қатысты мәселені анықтап берсеңіздер екен. Былай қарағанда үнемдеу керек дегендей, бұл да дұрыс сияқты. Бірақ бізді үнемі алдауға тырысады. Соның ішінде «Атырау Су Арнасына» қатысты айтқым келіп отыр... 26 қыркүйек 2012, 22:08 1 904 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Берекетсіз көршілер

– Біз Азаттық, 80 мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздегі екі пәтер жарты жылдан бері тәулікпен немесе жеңіл жүрісті қыздарға жалға беріледі. Біз мұндай көршілерден шаршадық. Полицияға шағымданған едік, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Пәтер қожайыны кешікпей алаңды босататынын айтып уәде берген болатын, бірақ бұдан әрі шыдай алмаймыз. Ұйқысыз түндер, балаларымыз көріп, естіп жүрген тәртіпсіздіктер... тыйылар емес. Көппәтерлі тұрғын үйлерде мұндайға жол беруге бола ма? 26 қыркүйек 2012, 22:09 2 150 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Полицей танысқысы келеді

– Жуырда үйімізге полицей келіп, әлдебір жедел алдын алу шараларына байланысты деген желеумен қаруы бар отбасы мүшелері туралы мағлұматтарды анықтауға тырысты. Мен оны табалдырықтан аттатпадым. Өйткені бұл үшін олардың тиісті құжаттары болуы керек деп есептеймін. Осы әрекетіммен қандай да болмасын күмәнді тізімге немесе жете тексеру жүргізуге ілініп қалмадым ба екен? 26 қыркүйек 2012, 22:10 1 973 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үш ай сусыз отыр

Біз, Запорожский өткелі тұрғындары, сусыз отырғанымызға  3 айдай уақыт болды. Осы уақытқа дейін көшенің басынан тасып әкелеміз. Тозығы жеткен темір тұрбаны пластикалық тұрбаға ауыстырамыз деп ауыз судың берілуін тоқтатқан еді. Күн салқындап, жылу қосатын уақыт та жақындап келеді. Су неге берілмей жатыр? Қашан беріледі? 26 қыркүйек 2012, 22:11 1 978 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Септик үшін де төлеу керек

– Неліктен «Атырау Су Арнасы» жеке сектордан есептегіш бойынша су пайдалану үшін төлемақы алу кезінде тұтынылған текше метр суға сәйкес септик үшін де төлемақы есептейді? Жеке секторда орталық кәріз жүйесі жоқ қой, біз өз септигімізді пайдаланып отырмыз. Ал септик үшін біз ағын суларды сорып алатын ваккум машиналарын жалдап, 3-4 мың теңгеден төлеп отырмыз. 26 қыркүйек 2012, 22:12 2 262 рет қаралды