Атырау, 21 желтоқсан 11:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қоғам

Астананың аязы Атырауға ауды Қоғам

Астананың аязы Атырауға ауды

Бүкіл Қазақстан бойынша күннің суытқаны байқалады. Аяқ астынан басталған аяз көптеген қалаларда, соның ішінде Астана мен Өскеменде мектептегі сабақтарды болдырмай тастады. Атыраулық оқушылар әзірге аялдамаларда автобус күтіп бүрсеңдеуге мәжбүр. 23 ақпан 2011, 00:00 3 796 рет қаралды
Қоғам

«Кәсіподақ төрағасын тыңдауға міндетті емеспіз»

Қашағаннан жетіп жатқан хабарларға қарағанда, ол жақатағы еңбек қатынастары мәз емес. Ал жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін сөз жоқ, мықты кәсіподақтар қажет. Бірақ мұндай қауқарлы кәсіподақтар бар ма, әңгіме сонда. 23 ақпан 2011, 00:00 3 843 рет қаралды
Шыны түтіктегі шарана Қоғам

Шыны түтіктегі шарана

Бұрын бүлдіршін өзінің қайдан пайда болғанын сұраса, әдетте қысылған ата-ана «аһ дегенде аузымнан түстің» немесе «құс әкеліп тастады» деп жататын. Енді «шыны түтіктен пайда болдың» деген жауапты да айтуы мүмкін. 2010 жылы алматылық дәрігерлердің шеберліктерінің арқасында пайда болған 60-тан аса атыраулық сәби дүниеге келген. «АЖ» сұрақтарына «ЭКО» алматылық экстракорпоральды ұрықтандыру орталығының директоры Тамара ЖҮСІПАЛИЕВА жауап берді. 23 ақпан 2011, 00:00 7 729 рет қаралды
Жайықтағы із кесу Қоғам

Жайықтағы із кесу

Полицей бекетінен жиырма метр жерде жылы камуфляж киген бір топ адам үкіден ау қайырып жатып, «Түс, балығым, түс, - деген сөздерді айтқан болар... Өткен сенбіде «АЖ» тілшісі Жайық сағасына барып, браконьерліктің бұрынғыша өркендеп жатқандығына көз жеткізіп қайтты. 23 ақпан 2011, 00:00 4 803 рет қаралды
Қоянжырық қайдан пайда болады? Қоғам

Қоянжырық қайдан пайда болады?

Облыста іштей туа біткен ерін, қызыл иек, қатты және жұмсақ таңдай жарығымен туылған балалар саны соңғы мәлімет бойынша 172-ге жетіпті. Халық арасында ондай белгілерді «қоянжырық» және «қасқыр ауыз» деп атайтыны аян. Алайда, қаламыздағы бас балалар стоматологы Таласбай ОРАЗБАЕВ «осындай аномальді даму белгісін олай атауға мүлдем болмайды, бұл ота жасатып, оңалып шыққан балалардың және олардың аналарының жанын қайта жаралайды» дейді. Ал облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ айтуынша, мұндай іштей туа біткен ақауларды нәресте жарық дүниеге келмей тұрып УЗИ-дің көмегімен алдын алуға болады екен. Қалай дейсіз ғой? Жүкті әйелдерге түсік жасатуға ұсыныс беру арқылы.  18 ақпан 2011, 00:00 30 704 рет қаралды
Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме? Қоғам

Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме?

Таяу жылдарда қазақстандық телекөрермендерге отандық телеарналармен оңаша қалатын күн тумақшы. Криминалды НТВ, «белден төменгі» әзілі бар ТНТ және төсек сахналарына еш қымсынбастан қатысатын, бірін-бірі төмпештеп жататын актерлары бар фильмдер енді кабельдік телеарналар желісінен алынып тасталынады. Мұның несі жаман? Әрине ештеңесі де. Алайда, осындай тәсілмен байланыс және ақпарат министрлігі «Хабар» мен «Қазақстан» және басқа телеарналардың рейтингісін көтеруді жоспарлап отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 4 010 рет қаралды
Өркениеттен тыс тіршілік Қоғам

Өркениеттен тыс тіршілік

Ақпан айы нағыз қыс екенін танытты. Қалада жаңбыр жауса, ал далалық ақ көрпеге оранып жатты. Осындай мазасыз күндері қыстақтардағы шаруалардың жағдайы не болып жатыр деген қызығушылықпен Индер ауданы Елтай селосының қырлығына шыққанбыз. 17 ақпан 2011, 00:00 8 146 рет қаралды
Қар күреген арулар Қоғам

Қар күреген арулар

Сейсенбі күнгі төпете жауған қар көше тазалаушылар үшін уайым бола қойған жоқ. «Әрине, ол ауыр жұмыс, оның үстіне оған күннің күрт суытуы дөп келді. Қолдың бұлшық еттері де сырқырайды,-дейді күректің сабына шынтақтай сүйенген, керемет әдемі Лала есімі бар қарақалпақ қызы. – Бірақ, наурыз айының басында негізгі еңбекақымызға осы қар жауған күндердегі еңбегіміз үшін сыйақы беретіндігі есіме түскенде көңілім шаттанғандай болады». 17 ақпан 2011, 00:00 4 882 рет қаралды
Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар Қоғам

Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар

2010 жылы Қазақстанда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балалар үшін 88,5 мың орын дайын болды, осылайша, балабақшамен қамту 41,6%құрады. Бұл мәліметтерді ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің алқа мәжілісінде министр Бақытжан Жұмағұлов жария етті. Оның баяндамасында Атырау облысы мектепке дейінгі мекемелерде балаларды орынмен қамту жоспарын толығымен орындады деп атап өтілді. 17 ақпан 2011, 00:00 4 752 рет қаралды
Қоғам

Кооперативтердің орнына басқарушы компаниялар келеді

Биылғы жылы ПИК-терге үйлерді пайдалану қызметін көрсететін басқарушы компаниялар көмекке келмек. Жазға таман қаладағы отыз шақты көпқабатты үйлер таңдалынады, оларды тәжірибе аясында басқарушы компаниялар ретке келтіруі тиіс. Жөндеуге жұмсалатын ақшаны несиеге алмақшы. Оны кейін тұрғындар төлейтін болады. 17 ақпан 2011, 00:00 3 139 рет қаралды
Қоғам

Жаңа жүйемен жылытылатын нысандар мекен-жайы белгіленді

Естеріңізде болса,  биылдан бастап бүкіл республика бойынша автоматтандырылған жылыту пунктерін қондыру жобасының енгізілетіні жайлы газет бетінде жарияланған болатын («ЖС», №4, 27-қаңтар, 2011ж. «Жылуды үнемдеу жолдары табылды»). Бүгінде олардың Атырау қаласында қандай нысандарда қойылатыны анықталып отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 3 938 рет қаралды
«Болашақтың» болашағы бұлыңғыр Қоғам

«Болашақтың» болашағы бұлыңғыр

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқытылған түлектерді жұмысқа орналастыру проблемасы бүгінде жоғарғы билікте қызу талқылануда. Мемлекет оған көп ақша жұмсап отыр, ал шетелден білім алып келген жастар өз отандарынан жұмыс таба алмай жүр деген мәжілісмендер бұл бағдарламаға күмән келтіріп отыр. Мұндай сын баяғыдан айтылып жүр. Бұрын «болашақтағылар» шетелде тұрақтап қалады, ал өз елдерінде отандық кәсіпорындардан гөрі трансұлттық компанияларда жұмыс жасағанды жөн көреді деп бағдарламаға мін тағылған болатын. 16 ақпан 2011, 00:00 4 871 рет қаралды
Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі Қоғам

Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі

- Ой, мен жеңіл жүрісті кәсіп қылып боп жүрген кезімде не болмады дейсің... – деп әңгімесін бастады Зарина қалың кекілін сілкіп жіберіп. – Қалай болғанының бәрін айтып беремін, тек сіз мені суретке түсіріп алмаңыз. Өзіңіз де түсінесіз ғой, мені суреттемеңіз де... Заринаның жанында өзін Лена тәтеймін деп таныстырған тағы бір әйел отырды. Ол сағатпен пәтерді жалға береді екен. «Журналист танысың болған қандай жақсы, - деп көзін қысып қойды тәтей. – Сонымен нені білгіңіз келеді? – деді аяғын айқастырған ол.- Сұрақтарыңды айта ғой...». Ал жалпы, бастапқыда менің мақаламның тақырыбы «СПИД орталығының достық кабинеті» деген болатын. Сонымен... 10 ақпан 2011, 00:00 26 565 рет қаралды
Қоғам

Дәрігерлер қызметі оnline бақылауында

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ «АЖ» газетіне Денсаулық сақтау министрлігінің емханаларда көрсетілетін қызмет сапасын қалай бақылайтындығы туралы әңгімелеп берді. 10 ақпан 2011, 00:00 3 656 рет қаралды
Шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін білесіз бе? Қоғам

Шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін білесіз бе?

Жыл сайын облыстық әкімдік жанынан құрылған қор тарапынан мектеп бітірген түлектерге шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін көпшіліктің біле бермейтіні рас. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізу үшін жас түлек қандай талаптарды орындауға тиісті? Бұл жайында біз облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі Асқар КЕРІМОВТЕН білмек болдық. 10 ақпан 2011, 00:00 9 057 рет қаралды
Кешкі мектептегі күйкі тірлік Қоғам

Кешкі мектептегі күйкі тірлік

«Большая перемена» атты комедиялық фильм бәріңіздің есіңізде болар. Жұмысшы жастарға арналған кешкі мектепте әкесі мен қызы, ерлі-зайыптылар оқитын еді ғой. Тіпті аты шулы ересек оқушы Ганжаның жары өзіне мұғалім болатынын да қайдан ұмытайық. Ал өзінен дардай үлкен әрі түйдей құрдас болып келетін оқушыларының оқу үлгерімімен бірге, тәртібін түзеймін деп алысқан оқытушы ағай ше? Байғұстың әбден қиналғаны көз алдымызда... Дәл осындай оқиғаға ұқсас келетін жағдай бүгінде Атырауда да бар. Бірақ, ол кинодағыдай күлкіге құрылған емес. Күйініш пен өкініштен тұрады. 10 ақпан 2011, 00:00 10 083 рет қаралды
«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар Қоғам

«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар

Экологиялық және әлеуметтік проблемаларына байланысты қоныс аударған Мақат ауданының Комсомол, Бек Бике, Қошқар ауылдары көшінің соңы айқай-шуға ұласты. Көшірілген ауылдардың бірі Қошқар кентінің 11 отбасы мына қақаған қыста баспанасыз тентіреп жүр. Облыстық әкімдіктегілер олардың шынымен үйсіз жүргеніне күмәнмен қарайды. 10 ақпан 2011, 00:00 5 301 рет қаралды
Қоғам

Техникалық тексерудегі жаңалық жүргізушілердің жүйкесін жұқартты

Атырауда техникалық тексеруден өту әдеттегі режим бойынша жүргізілуде. Бір ғана айырмашылық енді жүргізушілер қолдарына талон орнына техникалық тексеру актісін алады. 9 ақпан 2011, 00:00 3 518 рет қаралды
Бас ауруына арналған дәрі-дәрмектер Қоғам

Бас ауруына арналған дәрі-дәрмектер

Сейсенбі күні редакциямызға тарихта тұңғыш рет атыраулық медицина қызметінің басшылары жиналды. Бұл газеттің өткен нөмірінде жарық көрген «Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі» деп аталатын мақаланың «арқасы» еді. Бізбен байланысқа шыққан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ басқа стационарларда (мақалада облыстық аурухана аталған болатын) дәрі-дәрмектерге қатысты проблема жоқтығын дәлелдеу үшін атыраулық стационарлардың бас дәрігерлері мен «Самұрық-Қазына-Фармация» ЖШС өкілдерін шұғыл лездемеге жинауға уәде берді. 3 ақпан 2011, 00:00 9 145 рет қаралды
Емші қатерлі ісікті емдей алмайды Қоғам

Емші қатерлі ісікті емдей алмайды

Облысымызда  жыл санап қатерлі ісік дертіне шалдыққандар қатары өсіп барады. Тек өткен жылдың қорытындысы бойынша 687 адам  ауырса,  2009 жылы олардың саны – 648 болған. Ал республика бойынша жалпы санды атаудың өзі қорқынышты- 28 мың адам. 3 ақпан 2011, 00:00 6 993 рет қаралды
Қоғам

Күрмеуі шешілмеген жол-көлік оқиғасы

Бұл жол-көлік оқиғасы өткелі бір жылдай уақыт болды. Былтыр маусымның 19-ы күні сағат түнгі он бірде «Ардагер» сауда-ойын-сауық орталығының алдында Мitsubishi Outlander автокөлігі мен ВАЗ 21099 автокөлігі соқтығысып, оның арты шешілмес дауға ұласты. 3 ақпан 2011, 00:00 4 349 рет қаралды
«Әуежай бұрынғы режимде жұмыс істей береді» Қоғам

«Әуежай бұрынғы режимде жұмыс істей береді»

Домодедоводағы лаңкестіктен кейін қазақстандық әуежайлар қауіпсіздік шараларын күшейтті. Мәселен, енді ақтөбелік әуежайға әдеттегідей кіре алмайды, оның кірер ауызына рамалы детектор орнатылған. Бірақ мұндай өзгеріс Атырау халықаралық әуежайында байқалмайды. 2 ақпан 2011, 00:00 3 965 рет қаралды
Мақаттан мұң арылар емес Қоғам

Мақаттан мұң арылар емес

Мақат ауданында коммуналдық мәселелерді шешуге миллиардтаған қаржылар бөлінсе де мұқтаждық сол күйінде қалып қойған. Тек былтырғы жылдың өзінде  Мақат ауданының  әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге облыстық бюджеттен 5 млрд. 370 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражат аудандағы газ және су құбырлары жүйесін, жолдарды жаңалауға, «Атырау –Мақат» су құбыры құрылысына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы  мен әлеуметтік қамтуларға жұмсалған. Бұны былтырғы жылдың аяғында  Мақат ауданына  жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ айтты. Бұл қаржылардың есебін анықтау әзірше мүмкін болмай отыр. 2 ақпан 2011, 00:00 5 347 рет қаралды
Техникалық тексеруден әзірге жол полициясы өткізеді Қоғам

Техникалық тексеруден әзірге жол полициясы өткізеді

Өткен жылдан бері ҚР «Механикалық транспорт құралдары  және оларға тіркелетін тіркемелерді міндетті техникалық тексеруден өткізуді жүргізу мәселелері жөніндегі ҚР кейбір  заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына дайындық жүргізілуде. 2 ақпан 2011, 00:00 3 524 рет қаралды
Қоғам

Қартайып барамыз...

Қазақстан халқына соңғы жүргізілген санақ қорытындысы бойынша олар «қартайып» жатқандар санатына жатқызылды. Белгілі болғандай БҰҰ-ның анықтамасына сәйкесті мемлекетті «қартаю» санатына жатқызудың бастапқы деңгейі бойынша-65 және одан жоғары жастағы халықтың 7 пайызы  болуы керек. Республикалық статистика жөніндегі комитет Агенттігінің төрағасы Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ айтуынша, Қазақстанда 65 жастан асқан адамдар саны 7,1 пайызға жеткен. 2 ақпан 2011, 00:00 4 102 рет қаралды
Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі Қоғам

Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі

Жылдан жылға қайталанып жатқан дәрілік қамтуға байланысты бейберекетсіздік биылғы жылы да қайталанды. Дегенмен өткен жылдың жазында жауапты тұлғалар 2011 жылдың басынан бастап ахуалдың түбегейлі өзгеретіндігін, өтініштердің тамыз айында жиналып, қажетті тендерлер жаңа жыл басталғанша өткізілетіндігін, ал дәрі-дәрмектердің медициналық мекемелерге уақытында түсетіндігін   мәлімдеген болатын. Алайда.. Уәде бергіш шенеуніктерге сенбеңіздер. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 347 рет қаралды
Қоғам

Елеусіз қалған шағымдар

Қаңтардың 25-і күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы былтырғы жылғы жұмыстарын қорытындылады. Осыған орай өткізілген баспасөз мәжілісінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі құзырлы органдардың тарапынан мүлдем орындалмай отырғандығы белгілі болды.  27 қаңтар 2011, 00:00 4 460 рет қаралды
Қоғам

Мақаттағы жол азабы

Атырау облысында жолдар қалыпқа келтіріле бастағанымен мұнайлы мақаттағылар жол азабын тартып отыр. Доссор‑Мақат тас жолының жарамсыз бола бастағанына ондаған жылдар өткен. Жол жайын айтқанда мақаттықтар жылап қоя береді. Себебі жайсыз жолдардан жолаушылардың ығыры шыққан еді. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 155 рет қаралды