Атырау, 21 желтоқсан 11:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мәдениет

Мәдениет

Күй қағанын құрдастары еске алды

Биыл ҚР Халық әртісі, күйші Рысбай ҒАБДИЕВ тірі болса 75 жасқа келетін еді. Өткен аптада Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің музыка және өнер кафедрасының студенттері өнер жолында мәңгілік із қалдырған домбырашы-дирижер ұстазды еске алу кешін ұйымдастырды. 8 желтоқсан 2011, 18:21 5 142 рет қаралды
Бас жүлде алматылық Әселге бұйырды Мәдениет

Бас жүлде алматылық Әселге бұйырды

Өткен аптада екі күнге созылған Дина Нұрпейісова атындағы ІV республикалық «Бұлбұл» домбырашы қыз-келіншектер сайысы өз мәресіне жетті. Дүбірлі өнер додасына қатысқан 19 домбырашы арудың ішінде бас жүлдеге Алматыдан келген  - Әсел АРИНА (суретте) лайықты деп танылды. 1 желтоқсан 2011, 18:59 7 357 рет қаралды
Өмірдің бар қуанышы әуен мен сөзде Мәдениет

Өмірдің бар қуанышы әуен мен сөзде

Он жеті жасар Ақтөбе қаласының тұрғыны Назым ЖҰРЫНБАЙ (суретте) үшін айнала  тек қара бояуға боялған. Туғаннан  көз жанарынан айырылғандардың көпшілігі үшін бұл тағдырдың қатал өкімі болып есептеледі, бірақ бұның Назымға қатысы жоқ. Оның жүзінде қашанда күлкі және жаңа ғана бүр жарып келе жатқан оның жастық өмірі жарқын болашақ пен асқақ сезімдерге толы. Және ол сезім тек Назымның ғана емес, басқа да көзі көрмейтін және нашар көретін адамдар арасында Атырауда өткен алғашқы батыс-қазақстандық фестивалға қатысушылар бойынан байқалады.  17 қараша 2011, 17:14 3 396 рет қаралды
Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрлан САНЖАР: «Қазіргі көлігім – 67-ші автобус» Мәдениет

Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрлан САНЖАР: «Қазіргі көлігім – 67-ші автобус»

Жуырда бізге бірнеше ұрпақ өкілдерінің сүйікті киносына айналған «Менің атым Қожа» фильмінде басты кейіпкер рөлін сомдаған әйгілі сценарист, жазушы Нұрлан САНЖАРМЕН сұхбаттасудың сәті түскенеді. 10 қараша 2011, 19:02 16 860 рет қаралды
Қыш көзелер сыр шерткенде Мәдениет

Қыш көзелер сыр шерткенде

Қаңыраған үйдің суық бөлмесіндегі ескі отырғышта киімін шаң басқан, "солдафон" етік пен тақия киген шаршаңқы жүзді әйел отырды. Жанында су құйылған шелек пен шүберек, түрлі қоқыстар үйіліп жатыр. Ал жылуды сезінген бұралқы мысық аяғының астына оратылыпты. Әйел өзінің өткені мен қазіргі күйі туралы сыр шертті. Біз жаңа ғана кеберсіген саз құмыралар қойылған үстел басында шәй ішіп отырмыз. Мен бір танысымның : "А-а, Зинат па? Ол өзі біртүрлі қызық адам" деген сөзін есіме алдым. "Иә, осылай деп бетіме де айтады", деп күлді кейінірек ол. Ол әпенділеу әйел болуы мүмкін, бірақ өзін өте бақытты сезінеді. 20 қазан 2011, 16:14 8 726 рет қаралды
«Жұбағаң мені терезеден лақтырып жібере жаздаған еді» Мәдениет

«Жұбағаң мені терезеден лақтырып жібере жаздаған еді»

Ата-бабасы Еділ-Жайықта, өзі қарт Қаратаудың Жон жайлауында туған қазақтың біртуар композиторы Илья Жақанов бүгінде атакүлдігі Атырауда тұрып жатыр. Тағдырдың желі айдап, атамекеннен ауа көшкен бабасы бұл жаққа қайтып оралмады. Оның есесіне олардың орнын Ілағаң толтырды. Толтырды дегенде, біз оның Атырауға қоныс аударғанын ғана айтып отырған жоқпыз, ең бастысы, ол осыдан тура 30 жыл бұрын, тап осындай қазан айында «Еділ мен Жайық» атты өлмес әнді өмірге әкелді. Ал бұл әннің тарихы өте қызық. 13 қазан 2011, 11:02 8 377 рет қаралды
Ұлттық қолөнерді дамыту өскелең ұрпақтың борышы Мәдениет

Ұлттық қолөнерді дамыту өскелең ұрпақтың борышы

Ұлттық қолөнерді дамыту үшін не істеу керек? Бабадан қалған дәстүрді қайткенде шашауын шығармай ұрпаққа қалдыруға болады? Бұл сауалдарға жауап  жуырда өткен семинарда ізделді. Оған қаладан және аудандардан әуесқой және кәсіпқой қолөнершілер қатысып, өз бұйымдарын көрмеге ұсынды.      6 қазан 2011, 12:03 20 399 рет қаралды
Атырауда түсірілген жаңа фильмнің тұсауы кесілді Мәдениет

Атырауда түсірілген жаңа фильмнің тұсауы кесілді

Бүгін Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында «Студенттік кез» атты жаңа кинотуындының көрсетілімі өтеді деп күтілуде. Фильмнің тұсауы қыркүйектің 28-і күні осы театрда кесілген болатын. Жастар өмірінен баяндайтын фильмнің режиссері – Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенті Таймас САПАРҒАЛИ. 29 қыркүйек 2011, 16:14 6 546 рет қаралды
Биші Назгүл ЖҮСІПОВА: «Арманы бар адам бақытты» Мәдениет

Биші Назгүл ЖҮСІПОВА: «Арманы бар адам бақытты»

Менің бүгінгі сұхбаттасым Атыраудың өнер сахнасында мың бұралған биімен көпшілік көрерменге танылып келе жатқан талантты хореограф Назгүл ЖҮСІПОВА. Ол  жуырда жеке шығармашылық концертін бермекші. Концерт қазан айының соңына таман Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында өтеді деп жоспарланып отыр. 22 қыркүйек 2011, 16:22 34 748 рет қаралды
Мәдениет

Оралда көрме өтеді

23 қыркүйектен бастап Орал қаласында халықаралық деңгейде «Жазира Жайық» атты көркемсурет көрме-байқауы өтпек. Ол тура бір айға созылады.  Ерке Жайықтың  көркін  Атыраудан суретшілеріміз Камила ЖАПАЛОВА мен Елуғали ДӘУКЕНОВ бейнеледі. 22 қыркүйек 2011, 16:26 3 240 рет қаралды
Сұлу өнердің сыршыл шеберлері Мәдениет

Сұлу өнердің сыршыл шеберлері

«Woman Art Дизайн» шығармашылық тобының жұмысы көптеген елдердің көрермендерін баурап алды.  Енді өнерді бағалайтын атыраулық қауымның оралдық суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарын тамашалауға мүмкіндіктері бар. 8 қыркүйек 2011, 16:44 14 202 рет қаралды
Қарбыз, Мәсімов және «көк көйлектің ішіндегі көктем» Мәдениет

Қарбыз, Мәсімов және «көк көйлектің ішіндегі көктем»

Айтыс өнері атам қазақтың қанындағы нәрсе. Рухты тәрбиелейтін құрал деп білеміз біз оны. Алайда, жақында Атырауда өткен белгілі айтыскер ақындар Ақмарал ЛЕУБАЕВА мен Айбек ҚАЛИЕВТІҢ жекпе-жек айтысы жергілікті өнерсүйер халықтың алдында өзінің беделін төмен түсіріп алғандай ма дерсің. Бәске ештеңе тігілмегесін бе, жекпе-жек айтыс дегеннен гөрі, оған жеңіл-желпі айтыс деген атау сай еді. 8 қыркүйек 2011, 17:17 7 239 рет қаралды
Тәуелсіз кезең - фотосурет тілінде Мәдениет

Тәуелсіз кезең - фотосурет тілінде

Тамыздың 26-сы күні облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мұражайында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Әлем қауымдастығы мойындаған Қазақстан» атты фотокөрме ашылды. Сонымен бірге, Конституция күніне арналған жергілікті суретшілердің «Алтын заңым - ардағым» тақырыбындағы туындылар көрмесі ұйымдастырылды. 1 қыркүйек 2011, 23:11 4 736 рет қаралды
Түркі саздары Өр Алтайды тербеді Мәдениет

Түркі саздары Өр Алтайды тербеді

Тамыздың 26-сы мен 27-сі аралығында Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық өнер фестивалі өтті. Оған Атырау облысының атынан әйгілі күйші, республикалық байқаудың лауреаты Айгүл Батырқайырова (суретте) қатысып қайтқан болатын. Біз Айгүл Атырауға оралған бойда оның Өр Алтай сапарынан алған әсерлерімен бөліскен едік.   1 қыркүйек 2011, 17:03 7 771 рет қаралды
Табиғатпен тілдескен дауылпаздар Мәдениет

Табиғатпен тілдескен дауылпаздар

…Әуелі бук аспабының дыбысы естілді, төмен де терең  үн  ұзақ әрі тұңғиыққа қарай ұзап барады; бұл ән салған бұлттар болатын. Оның артынша созылыңқы әрі тереңдей түскен чин аспабы сыбдыр қақты; бұл жел болатын. Кенет кквэнгари аспабының жарқын да сыңғыр  үні күркіреп жетті; бұл найзағай еді. Жаңбыр тамшыларын көз алдымызға елестеткен ұяң әрі қатаң дыбыстарды әуездеткен чангу аспабына да жан бітті.  18 тамыз 2011, 17:26 4 529 рет қаралды
Театр маусымы аяқталды Мәдениет

Театр маусымы аяқталды

5-маусым күні Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында маусымның жабылуында Өзбекстан драматургі Саид Ахмадтың «Супер келін» спектаклі сахналанды. Алғашында театр маусымын еліміздің бағына біткен қаламгер Қадыр Мырзаәлінің «Жаралы жолбарыс» спектаклімен аяқтау жоспарланған болатын. Кейін тарихи драма көрерменге ауырлау болады деді ме екен, репертуарға комедиялық спектакльді таңдапты. 7 шілде 2011, 16:15 4 855 рет қаралды
Екі қыз немесе сурет пен поэзияның дуэті Мәдениет

Екі қыз немесе сурет пен поэзияның дуэті

Жуырда  Атырау өлке тану мұражайына жиналғандар суретші мен ақынның творчестволық альянсының куәгері болды. Белгілі суретші Камила ЖАПАЛОВА ақын Маржан ЕРШУОВАНЫҢ поэмасы негізінде салынған «Дина» портреттік туындысын таныстырды. Ол биылғы Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына арналған екен. 19 мамыр 2011, 18:05 12 355 рет қаралды
Атыраулық трио Голландияда концерт берді Мәдениет

Атыраулық трио Голландияда концерт берді

Атырауда сегіз жылдан бері прима қобыз, фортепиано және валторна музыкалық аспаптарынан құралған ерекше трио жұмыс істейді. Ол әлі ресми түрде тіркелмегенмен өз тыңдармандары бар топқа айналды. Арасында  валторна аспабында ойнайтын музыкант «Теңізшевройл» компаниясында құрылыс жөніндегі инженері голландиялық  Ник ТОМАС бар. Жақында ол өз әріптестерімен бірге сол бір қызғалдақтар еліне барып көңілдерге көктем әуенін ұялатқан классикаға толы концерт беріп келді. 11 мамыр 2011, 21:10 5 283 рет қаралды
Үздік театр ұжымы анықталды Мәдениет

Үздік театр ұжымы анықталды

Сәуірдің 27-сі мен 29-ы күні аралығында Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында «Шынайы шымылдық» атты драма ұжымдарының байқауы болып өтті. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген бұл байқауда халықтық атағы бар сегіз театр және «халықтық» атағынан үміткер үш театр ұжымы, сондай-ақ, «Кең Жылыой» мәдениет үйі жанындағы оркестр өнерлерін көрсетті. 4 мамыр 2011, 14:46 8 344 рет қаралды