Атырау, 26 желтоқсан 06:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жұмыссыздардан шеберлер дайындайды

13 705 просмотра

Оралдық «Мәдениет және өнер қайраткерлерінің лигасы» өкілдері Атырау тұрғындарын өз қолдарымен декоративтік қолданбалы өнер бұйымдарын жасауға үйретуге дайын.

 

Көршілес Орал қаласының көрме-жәрмеңкесі бізге осымен екінші жыл келіп отыр. «Ренессанс» қонақ үйінде орналасқан олар әсіресе шетелдіктерге кең танымал.. Бұл жолы барлық жұмыстар - әшекейленген панно, матадан тігілген сөмкелер, гобелендер, ұлттық ою-өрнектер салынған қабырға кілемшелері, «көз тиюден» қорғайтын табиғи тастары бар былғары тұмарлар «Жібек жолы» деген тақырыппен сабақтасқан. Оларды тек кәсіпқой суретшілер мен қолөнершілер ғана жасамаған. Олар әуесқойлардың да, балалардың да қолдарынан шыққан. «Біздің лигамыз жұмыссыздар үшін тегін оқу курстарын өткізеді. Қазір Атырауда жаңа топ жинап жатырмыз: курстарда ниет білдірушілер түрлі әшекейлі өрнектер, кәдесый бұйымдарын жасауды үйрене алады. Табиғи материалдарға: былғарыға, киізге, ағашқа, маталарға көбірек көңіл бөлінеді», - деп әңгімелейді «Мәдениет және өнер қайраткерлері лигасының» жетекшісі Рәзия МОЛДАШЕВА. – Біз тек үйретіп қана қоймай, әрі қарай да «түлектерімізге» диплом беріп, шағын бизнестерін дамытуға көмектесеміз».

Өз қолдарымен сұлулық жасағысы келетін жандар тікелей Рәзия Молдашеваға хабарласа алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді түсірген автор

23 маусым 2011, 01:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.