Атырау, 26 желтоқсан 06:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Веналық вальс әуенімен

4 704 просмотра

«Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің атыраулық бишілері Қазақстанның бірінші чемпионатында мүмкіндіктері шектеулі жандар арасында арбада отырып билеу бойынша веналық вальсты үздік орындап шықты.

 

Сайысқа Қазақстанның бес қаласының бишілері қатысты. Арбадағы билердің параолимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілгеніне қарамастан, Қазақстандағы мүгедектер арасындағы бишілер көп емес және оның себебі де түсінікті. 2009 жылы өзгелерге өнеге көрсеткен қостанайлықтар көш бастаған еді. Атыраулық Асылай АҚБЕРГЕНОВА мен Руслан АЙТБАЕВ осы үндеуге үн қосып, Байкеновтардың балет студиясының бишілерімен жұп боп билейді. «Қаланың барлығында бірдей би жұбының сабағына арналған жағдайлар жоқ. Біздің де өз қиындығымыз бар: қаржымыз, үнемі жаттығу жасайтын орынжайымыз, осындай жұптар үшін арнайы би қоятын хореографымыз жоқ. Әу бастан-ақ біздің бишілерімізді жетелеп жүрген Гүлсина Байкеноваға рахмет», - дейді «Мүгедек әлемі» басшысы Күлбаршын НҰРЖІГІТОВА.

Бишілердің шеберлік деңгейлері туралы әңгімелеген чемпионат қатысушылары алты жұпты ұсынған қостанайлықтарды атап өтті: «Ол жерде жүйелі жұмыс бар екені сезіледі. Арбадағы билерді үйрететін кәсіпқой жаттықтырушысы бар, қаржы жағынан проблема жоқ және жаттығатын орынжайлары жеткілікті». Әрине, қостанайлықтар сайыста сөзсіз жеңімпаздар атанды. Дегенмен біздің бишілеріміз Асылай Ақбергенова мен Нұрлан ЖАЛҒАСПАЕВ веналық вальс бойынша 1-орынға ие болды. Оларды тәжірибелі спортшылар деп атауға болады. 2009 жылы олар Қостанайға барып келді. Сондай-ақ, Атырау сахнасында «Сіздерге деген махаббатпен!» деп аталатын мүгедектер шығармашылығының фестиваліне, «Шектеусіз мүмкіндіктер» акциясына қатысты. Өткен жылдың желтоқсанында осындай жұптарды дамыту есебімен «Мүгедектердің қазақстандық конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі атыраулық мүгедектерге биге арналған арнайы мобильдік арба сыйлаған еді. Мұндай жетістікке шабыттанған «Мүгедек әлемі» қоғамы жастар мен балаларды би сабақтарына белсендірек қатыстыруды жоспарлап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

23 маусым 2011, 01:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.