Атырау, 28 желтоқсан 16:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Оралда көрме өтеді

3 096 просмотра

23 қыркүйектен бастап Орал қаласында халықаралық деңгейде «Жазира Жайық» атты көркемсурет көрме-байқауы өтпек. Ол тура бір айға созылады.  Ерке Жайықтың  көркін  Атыраудан суретшілеріміз Камила ЖАПАЛОВА мен Елуғали ДӘУКЕНОВ бейнеледі.

Батыс Қазақстан облыстық «Өнер» қоғамдық қорының президенті Қуандық МӘДІРДІҢайтуынша, еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған көрменің негізгі мақсаты - өзге аймақтардағы суретшілермен тәжірибе алмасып, дәстүрлі сипат алуына ықпал ету.

Көрмеге Ресейдің Астрахан, Волгоград, Орынбор, Самара, Саратов облыстары суретшілері мен өзіміздің Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау өңіріндегі майталман қылқалам шеберлерін қатыстыру жоспарланған. Атап айтсақ, Ресейден 13 суретші, ал Қазақстаннан 20 суретші сынға түседі деп күтілуде.

Атыраулық суретші Камила Жапалова Орал өңірінен жүлделі орындардың бірінен дәмелі екендігін жасырмайды. Ол көрме-байқауға «Киелі қобыз», «Ел тәуелсіздігіне - 20 жыл» және «Байлығымыз - балығымыз» атты үш жұмысын алып барады. Ал Елуғали Дәукенов болса, «Үкілі кәмшат» атты жұмысын ұсынбақшы.  

Байқау  шарты бойынша көрмеге соңғы үш жылда жасалған жұмыстар қойылуы керек. Кез-келген автор кем дегенде үш суретін әкелуі тиіс. Ал, эротикалық тақырыптағы картиналар қабылданбайды, - дейді ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысына сәйкес, қазылар алқасы тарапынан әр түрлі номинациялар бойынша 10 таңдаулы жұмысты таңдайды. Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен, дипломдармен, құттықтау хаттармен марапатталады.

Бірінші орынға - 100 000 теңге сыйақы, екінші орынға - 75 000 теңге сыйақы, үшінші орынға - 50 000 теңге сыйақы тағайындалып отыр.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

22 қыркүйек 2011, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.