Атырау, 27 желтоқсан 07:49
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Табиғатпен тілдескен дауылпаздар

4 273 просмотра

…Әуелі бук аспабының дыбысы естілді, төмен де терең  үн  ұзақ әрі тұңғиыққа қарай ұзап барады; бұл ән салған бұлттар болатын. Оның артынша созылыңқы әрі тереңдей түскен чин аспабы сыбдыр қақты; бұл жел болатын. Кенет кквэнгари аспабының жарқын да сыңғыр  үні күркіреп жетті; бұл найзағай еді. Жаңбыр тамшыларын көз алдымызға елестеткен ұяң әрі қатаң дыбыстарды әуездеткен чангу аспабына да жан бітті. 

Сомульнорий жанрындағы төрт соқпалы аспаптағы төрт иероглиф найзағайды білдіреді. Сондықтан да бұл аспаптарды – көкпен үндескен барабандар деп атайды.  Жақында құрылған «Атырау сомульнори» тобындағы бес мүшесінің әрқайсысы да аспапты жан қалауына қарай таңдаған. Атыраулық жастар корейлік барабандарда ойнау өнерін он күн бойы меңгерді. Оларды  Алматыдағы музыкалық комедия театрының кәсіпқойлары үйреткен.  

- Бастысы – барабанда ойнай бастағанда жаныңмен берілу керек. Бұл ең күрделі тұсы, – деп түсіндірді топ мүшелерінің бірі Виктор ЦОЙ (бук).

«Музыка көрінісін ойнау былай қарағанда бірдей секілді, бірақ, оны дұрыс ойнамасаң, ол онда корей мақамымен естілмейтін болады. Уақыт өте келе, сіз ойнау барысында қай жерінде кідіру керектігін, қай жерінде ұру керектігін түсінесіз. Дәл осы жерде акцент пайда болады, ойынның акцентуациясын айтам. Барлық құпия да осында...» – деп түсіндіруге кірісті алматылықтар дайындық кезінде.

Барабан құлағында шебер ойнайтын ұстаздар мәз болып кетті – үйренуші жастардың арнайы музыкалық білімдері болмағанымен, музыкаға жүз пайыз берілді. «Ырғақ пен әуенді қабілеті бар адамдар ғана сезіне алады. Сіздерге бұл тән қасиет», - десті қоштаса отырып алматылықтар. 

- Георгий ЮН мен Виталий ЛИГЕ біздің қабілетімізге сенгендері үшін өте қуаныштымыз. Олардың төзімділігі мен шеберлігі үшін алғыс айтамыз, – дейді Геннадий НАМ (бук).

Топта Алина ИДРИСОВА (чин)мен Татьяна КИМ (кквэнгари) есімді екі қыз бала да бар. Олар топқа сәл кешірек келген. Ер балалар оларды өздері үйретіпті. 

- Айтпақшы, аспаптар мен костюмдер бізге арнайы тапсырыспен келген болатын, – дейді Юнес ИДРИСОВ (чангу).

Айта кету керек, бұл топ аспаптарды Кореядан тікелей Атырауға жеткізумен қамтамасыз еткен корейлік «Тхоньиль» этно-мәдени бірлестігіне дән риза.

Әзірге балалардың репертуарында бір ғана композиция бар. Бірақ, сомульноришілер осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта қала тұрғындарын жаңа бір дүниемен қуантатынына уәде беріп отыр. Оларға қазірдің өзінде шағын жаңа ырғақтық көріністі ойлап табудың өзі қиынға түспейді. Ол көз алдыңа келтірер көріністердің өзі де онша көп емес. Оны қалай бояу керек деген басқа әңгіме. Мейлі ол басқа аспаптармен немесе әуенмен әрлене ме, ол қиялдың шеберлігі.

Топтың өнерін жуырда өтетін қалалық шараларда тамашалай аламыз.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген В. Истомин

18 тамыз 2011, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.