Атырау, 24 қараша 10:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сұлу өнердің сыршыл шеберлері

13 442 просмотра

«Woman Art Дизайн» шығармашылық тобының жұмысы көптеген елдердің көрермендерін баурап алды.  Енді өнерді бағалайтын атыраулық қауымның оралдық суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарын тамашалауға мүмкіндіктері бар.

2000 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің көркемсурет-графика факультетінің оқытушылары Раиса АЛЕКСЕЕВА, Наталья БРИКС және Марина ЕРМЕКҚАЛИЕВАЛАР шығармашылық топ құруды ұйғарған. Ұстазға тән ұқыптылықпен олар халық кәсіпшілігінің технологиясын, бейнелеу өнерінің, декоративтік-қолданбалы өнердің, дизайнның тарихын, атап айтқанда, сәулет дизайнын, логотип дизайнын, геральдиканы зерттеген. Тек зерттеп қана қоймай, Батыс Қазақстан облысының үздік символы конкурсында бірінші орынға ие болған, Оралдың қалалық таңбасының авторлары боп табылады, Астанадағы Президенттік емхана мен кардиологиялық орталықтың көркемдік дизайнымен, басқа да нысандарды көркемдеумен айналысқан.

Олар табиғи түрлі-түсті былғарымен, киізбен, иірілген жіппен жұмыс істегенді жөн көреді. Осы материалдардан картиналар, гобелендер мен декоративтік паннолар пайда болады. «Біздің «Халықтың ғасырлар бойғы дәстүрлері - заманауи эстетикада» деген ұранымыз бар. Ұрансыз бола ма?» -  деп күледі Раиса Алексеева. – «Мәселен, «Властелин» деп аталатын декоративтік паннода шығыс халықтарының түсінігіндегі ер адамның рөлі, оның жауынгер, қорғаушы, басшы екендігі бейнеленген». Композицияның ортасына V ғасырдағы кілемнің сақталып қалған фрагментін: ақ боз атқа мінген тәкаппар салт аттыны бейнеледік. Бұл жеңімпаздың бейнесі, тағдырды өзіне бағындырған әміршінің келбеті». 

Алайда шеберлер «Тұмар» деп аталатын декоративтік панноны өздерінің үздік туындыларының бірі деп есептейді. Жалпы тұмар дегеннің не екенінен хабардармыз ғой, алайда оның көріністері қандай ойды білдіретініне, белгілі бір өрнектің ненің белгісі екеніне ешкім де бас қатырып жатпайды. Сөйтсек, декоративті ою-өрнекпен көмкерілген тұмардың әрбір бөлігі жағымды энергетика мен амандық-саулықты бейнелейді екен. Үш бұрыштың жоғарғы бөлігі символикалық тұрғыда ғарыштық энергияны жинақтап, оны қожайынының бойына тарататын көрінеді. Үш бұрышта арашалаушы қызметін атқаратын «тұмарша» өрнегі орналастырылған. Тұмардың ортасында әдетте ру белгісі болады. Орталық бөлігін молшылықтың белгісі - «қошқармүйіз» өрнегі әшекейлеп тұрады. Өрнек жұп элемент түрінде салынады, бұл адамдармен қарым-қатынас үндестігін білдіреді. Тұмардың негізі «балдақ» өрнегімен безендіріледі, ол мықты іргетас, негіздің беріктігі символы боп табылады.

Біздің ата-бабаларымыздың бай декоративтік-қолданбалы өнер мұралары тек қазақстандықтардың жүрегіне жол тауып қана қоймады. «Woman Art Дизайн» жұмысы Францияда, Англияда, Италияда, Ресейдегі халықаралық көрмелерде әлденеше рет жоғарғы бағалар алған. Студия шеберлерінің жұмыстарымен «Атырау» сауда-ойын-сауық орталығының екінші қабатында ұйымдастырылған көрмеде танысуға болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

8 қыркүйек 2011, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.