Атырау, 24 қараша 09:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Аэлита» талайдың атын шығарды

2 909 просмотра

Биылғы жылы «Аэлита» спорттық-би клубына 20 жыл толды. Осыған орай клуб бірқатар шаралар өткізбекші, солардың бірі «Атырау-2011» шоу-бағдарламасы болды.

Құрметті қонақтар арасында Лев Михайлович пен Клавдия Николаевна ХАГАЙ бар, олар немересі Евгений ЛИ мен оның бидегі серіктесі Светлана ПАКТЫҢ жанкүйерлері және ол екеуінің барлық қол жеткізген жетістіктерінің бәрін біледі. «Олар бірнеше дүркін ҚР чемпиондары және халықаралық турнирлердің лауреаттары атанды, ал, қазақстандық жұптар рейтингісі бойынша 6-шы орында тұр»,-деп мақтанышпен әңгімелейді. Ал, бір кездері атай мен әжей өз немерелерінен биші шығатындығына сенген де жоқ еді. Бес жасар Женя музыкаға құлақ аспады, қимылы да келіспеді. Сондықтан да олар қызына баланы босқа әурелемеуге кеңес берді. Барлық ер балалар секілді Женяны машина мен жауынгерлер секілді ойыншықтар қызықтырды. Сол себепті оның анасына би сабағын сол ойыншық түрлерін сатып алумен ынталандырып отыруға тура келді. Алайда, би алаңындағы жеңістің дәмін татқан Женя енді орта жолдан тоқтағысы келмеді. Міне, соның қорытындысы- қазір оның еншісінде 28 медаль бар, оның 17-сі алтын. Сәнді билер өзін-өзі ұстай білу, әдемі қозғалыс қимылы мен керемет би өнерін меңгеруден басқа, өте пайдалы қасиеттерге де баулыды: еңбексүйгіштік, жауапкершілік пен көшбасшылыққа ұмтылу және үлкен талғам берді.

Клубтың 20 жылдық тарихы туралы әңгіме газеттің бір бетіне сыймас та еді. Оның тарихы жеке бір тараулардан тұрады, әрі  би бапкерлері үшін жарқын да қайталанбас болып табылатын әрбір бишіге арналғандай. Және бұл туралы Лидия мен Нурлан МҰҚАНОВТАР ұзақ та қызықты етіп айтып бере алады. Тек осы би маусымын 60-тан аса  жұп аяқтағалы жатыр. Ал, соңғы 10 жылда «Аэлитаның» бес құрамы ауысты. 

Мерейтойлық шоу-бағдарламада ересектер санаты бойынша да, тіпті, Еуроазия чемпиондары атағын алып үлгерген ең кішкентай санаттағы топтардың ең таңдаулы дегендері өнерлерін көрсетті. Олардың сахнадағы өнері жиналғандарға жақсы көңіл күй, мерекелік қуаныш сыйлай білді. Жақсы биші- жақсы әртіске тең деп тегін айтылмаған ғой. Сәндік бидегі керемет көйлектері қыздар мен олардың фрак киген серіктестерінің қимылы осы би түрінің- спорттың элиталық түрі екендігін тағы бір дәлелдеді. Бұл өнер жанкештілікті талап етеді: оған күш-жігер мен алтын уақыт, қаржы керек. Сахнаға шығу үшін керекті бір ғана көйлектің бағасы 1 мыңнан 7 мың долларға дейін барады. Шеберліктің жоғары деңгейіне жету үшін тек оны көрсетіп қана қоймай шын мәнінде сол билерді сүйе білуі керек. Және осы биге деген құмарлығы бар жандардың қолдауына да ие болу қажет. «Бүгін біз осы жылдар ішінде біздің бишілерімізді қолдап келе жатқан түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарға, ата-аналарға алғысымызды білдіргіміз келеді»,-деп атап өтті клуб басшысы Лидия Шевчук. Сәнді билерді сүйер қауым клубтың мерейтойын тағы да бірнеше рет тойлай алады. Күзде клубтың «Аэлита - юбиляр» деген шығармашылық концерті болады. Ал, 16-шы және 18-ші қараша аралығында дәстүрлі Аэлита кубогі өтеді, оған алыс-жақын шетелдерден бишілер келеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

16 маусым 2011, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.