Атырау, 5 қазан 12:23
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Еркем-ай» Болгарияны бағындырды

4 933 просмотра

Кіші өнер Академиясындағы «Еркемай» вокалдық ансамблінің балалары Болгарияның Обзор қаласында өткен «Балалық шақтың планетасы» атты халықаралық фестиваль-байқауда бірінші орын алды.

Фестивальде «Еркемай» тобын жеті адам таныстырды. 12-13 жастағы жас вокалшылар Ресей, Грузия, Балтық жағалауы елдерінің, Венгрияның (барлығы 15 елге жуық болды) музыкалды ұжымдарымен сайысқа түсті. Біздің ұжым Болгарияға шақыртуды өткен жылы Белоруссияда өнер көрсеткенде-ақ алған еді.

«Бұл байқауға біз бір жыл дайындалдық, – дейді «Еркемай» тобының көркемдік жетекшісі Назгүл БАЙЛАУОВА. – Ата-аналардың арқасында балаларға ұлттық айшықтағы киімдер тігілді. Эскиздерді бізге Атырау мемлекеттік университетінің ұстазы, суретші-модельер Бибінұр ЕСЕНҒАЛИЕВА тегін жасап берді. Ол балалармен танысып, олардың әндерін тыңдады, яғни, эскиздер қатып қалған бір үлгіде болған жоқ - әр балаға жеке костюм таңдалды. Жолымызға, жатын орынымызға және тамағымызға ақша төлеген «NCOC» компаниясының арқасында біз тіпті балаларға бірнеше демалыс күндерін ұйымдастырып бере алдық. Байқаудың өзі шілденің 9-ы мен 19-ы аралығында өтті, бірақ біз онда 25-іне дейін болдық. Теңізде шомылдық, Луна-парк пен аквапаркте болдық.Балқан түбегіндегі ең көне қала Несебрге экскурсиямен бардық. Балалар еңбек сіңірді деп ойлаймын. Олар бүкіл маусым айы бойына ынтамен дайындалды ғой».

Болгариядағы фестивальде «Еркемай» тобы үш ән шырқады. Олар: атыраулық музыкант Ренат Ғайсиннің «Туған жер» әні, «Чихуа-хуа» және бағдарламаның ең басты түйініне айналған «Фестиваль» әні.

Көркемдік жетекшінің айтуынша, біздің жеткіншектер өздерінің вокалдық ерекшеліктерімен көзге түскен. «Оған қоса олар сахнада өздерін өте сенімді ұстап, әннің табиғатын сезінді, – дейді ол. – Сонымен бірге, репертуардағы «Туған жер» әні дауыс мәнерін өте жақсы ашады. Ал  «Фестиваль» әніне «Айжан қыз» тобының хореографтары хип-хоп стиліндегі қазіргі заманғы биді қоюға көмектесті. 

Халық бізді өте жақсы қабылдады. Көрермендер біздердің қашан және қай күні сахнаға шығатынымызды сұрап, қызығушылық білдірді. Біздің балалар көптеген қатысушылармен достасып та үлгерді. Бір-бірінің мекен-жайларын жазысып, қимастықпен қоштасып жатты».

Мақтау қағаздары мен естелік кубогынан бөлек, «Еркемай» тобы Италия, Санкт-Петербор және Испания елдерінен ұсыныстар алды. 

Сауле ТАСБУЛАТОВА

Суретті түсірген В. Истомин

4 тамыз 2011, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.