Атырау, 19 маусым 02:37
 дождьВ Атырау +25.6
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63

Атырауда

Мерекелік сауалнама Басқа жаңалықтар

Мерекелік сауалнама

Біз Атырау көшелеріндегі кездейсоқ жүргіншілерге: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан қабылданды, оны бірінші болып қай ел мойындады, қай жылы және қандай мемлекеттік рәсміздер қабылданды?» деген қарапайым сұрақтарға жауап беруді өтінген едік. Бейнежазба 15 желтоқсан 2017, 14:30 3 596 рет қаралды
Қайтадан бас сәулетші болды Басқа жаңалықтар

Қайтадан бас сәулетші болды

Атырау әкімінің өкімімен 43 жастағы Ерлан МҰҚАНОВ қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұрынғы жылдары ол бұл лауазымда жұмыс атқарып, сол кезде өз қалауымен жұмыстан босағанболатын. 15 желтоқсан 2017, 15:26 3 689 рет қаралды
Алаяқтарға алданғандар Басқа жаңалықтар

Алаяқтарға алданғандар

Қазір бірнеше миллионды үнемдеп арзан бағаға үй,  жер телімін алғысы келетіндер, «жақсы» жерге жұмысқа тұрғысы келетіндер көп. Осындай армандарына жету үшін «көмектесемін» деген бейтанысқа қыруар қаржыны ұстата салатын ақкөңіл адамдар да аз емес. 15 желтоқсан 2017, 11:02 6 078 рет қаралды
Қазына: қанша қалды және жоспар қандай? Басқа жаңалықтар

Қазына: қанша қалды және жоспар қандай?

13 желтоқсанда Атырау облыстық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. 2017 жылғы бюджеттегі өзгерістер мен келер жылдың жоспары туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айдар НҰРӘЛИЕВ баяндама жасады. 14 желтоқсан 2017, 11:39 3 859 рет қаралды
Желтоқсан: алаңға қалай шықтық Басқа жаңалықтар

Желтоқсан: алаңға қалай шықтық

1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздіктің бастауы болды. Сол суық күндерде алған жан жарасы митингке қатысқан атыраулықтардың есінде мәңгілікке қалып қойған. Сурет Бейнежазба 14 желтоқсан 2017, 00:00 16 451 рет қаралды
Жол жиегіндегі төрт күн Басқа жаңалықтар

Жол жиегіндегі төрт күн

Қыс күшіне ене бастады. Бүгіндікке Индер ауданында бұршақ, одан кейін қылаулап қар түсті. Айнала аппақ. Аяз да тұра бастаған. Осындай жайсыз күндер жолда жүргендер үшін қауіптірек. Бұған Орал трассасында жолдан шығып кеткен жүк көлігін көріп көзіміз жетті. Толықтырылды Сурет 13 желтоқсан 2017, 10:13 4 390 рет қаралды
Уәдені бір жыл күтеді Басқа жаңалықтар

Уәдені бір жыл күтеді

Атырау мөлтек ауданының №17 көше тұрғындары ұзақ жылдан бері трансформатордан алып отырған ток қуатының аздығына наразы. Жақында олар АЖ редакциясына хабарласты. Бұл мәселенің шешілмегеніне үш жыл болыпты. Сурет 13 желтоқсан 2017, 10:51 2 970 рет қаралды
Қармағыңды сайла Басқа жаңалықтар

Қармағыңды сайла

Жайық өзенін жұқа мұз қабаты құрсады. Бұдан да қатты аяз түссе, атыраулықтар мұз астынан балық аулауға шығады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Данияр БАЙМАҒАМБЕТОВТЫҢ айтуынша, балық аулау ережелері өзгермеген. 13 желтоқсан 2017, 11:58 5 610 рет қаралды
«Сұлулықты жырлаған суреткер» Қоғам

«Сұлулықты жырлаған суреткер»

Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақстанның және Қырғызстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретші Ілия Жақановтың  жеке шығармашылық көрмесі өтті.  Сурет 13 желтоқсан 2017, 10:28 3 956 рет қаралды
Миллион қызмет түрі Басқа жаңалықтар

Миллион қызмет түрі

Бұрын төлқұжат пен жеке куәлік алу үшін бір ай уақытың кететін болса,  бүгінде оларды 15 күнде алуға болады. Ал жеделдетілген нұсқада олар 4 жұмыс күні ішінде беріледі. Бұл туралы брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Атырау облыстық филиалының (ХҚКО) директоры Тұрлан НҰРЖАНОВ (суретте) айтты. 12 желтоқсан 2017, 17:20 3 490 рет қаралды
Қыстақтар қысқа дайын Басқа жаңалықтар

Қыстақтар қысқа дайын

Ел арасында түрлі болжамдар болса да, байырғы малшылар биылғы жылдың қысы жайлы болады деп отыр. Дегенмен, қыстақтарда қоныстанған малшылар әдеттегідей суық та қатал қысқа дайындалуда. Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, Атырау облысында жем-шөп дайындау 101%-ға орындалып, 525 мың тонна шөп қыстақтарға жеткізілген. 12 желтоқсан 2017, 14:52 6 306 рет қаралды
Бұқар қайда барады Басқа жаңалықтар

Бұқар қайда барады

Кеңес кезінде Бұқар ауылы (Сармайшағыл деп те атайды) Тайсойған сынақ полигонының аумағында орналасқан еді. Қазір жер тұрғындарға қайтарылды, алайда әзірге аумақтық-әкімшілік сипаттағы мәселелер шешімін тапқан жоқ. 12 желтоқсан 2017, 14:49 3 503 рет қаралды
Дүмшелер диагнозы Басқа жаңалықтар

Дүмшелер диагнозы

Атыраудағы бағандарға, үйдің кіре берістеріне жапсырылған және әлеуметтік желілерде жарнамаланған жаңа компьютерлік диагностика жарнамасы 40 минут ішінде ағзаны сканерден өткізіп, бүкіл органның жай-күйін анықтауға уәде береді. Ешқандай қымбат тұратын анализдер, МРТ, УЗИ және белгілі бір сала маманы қажет емес. Ол емізетін аналар мен сәбилер үшін қауіпсіз, бар болғаны 8 мың теңге тұрады. «АЖ» тілшісі бұл әдіс авторының өз тәжірибесін концлагерь тұтқындарына жүргізгенін анықтады... 12 желтоқсан 2017, 12:42 6 057 рет қаралды
Асыққаннан өрт шықты Басқа жаңалықтар

Асыққаннан өрт шықты

11 желтоқсанда зауытта орын алған өрт фактісі бойынша АМӨЗ баспасөз қызметі хабарлағандай, гудрон желісінде сағат 9.57-де өрт тұтанған. Алдын ала анықталғандай, құбырда саңылау пайда болған. Өрттен болған зардап үлкен емес, зауытта алдағы 3 күн ішінде өрт салдарын жою жоспарланып отыр. 11 желтоқсан 2017, 16:35 4 074 рет қаралды