Атырау, 25 қараша 16:18
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бюджеттің аты бюджет

5 172 просмотра


2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдық округтарға «бюджеттің төртінші деңгейі» енгізілді, яғни, бұрын жоғары жаққа кететін салықтың бірнеше түрі  ауыл бюджетіне бағытталды. Түскен қаржыны тек мектеп жасқа дейінгі тәрбиеге, аббаттандыру мен көгалдандыруға, жол жөндеу және сумен қамту жұмыстарына ғана пайдалануға рұқсат. «АЖ» тілшісі  жаңа жүйе Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылында қалай қолданылып отырғанын зерделеді.

Мұнда жалпы саны 2 720 тұрғын болса, оның ішінде еңбекке жарамдысы - 1 415. Округте мектеп, амбулатория, балабақша, мәдениет үйі, пошта бөлімшесі, байланыс торабы жұмыс жасайды. Жыл басынан бері ауыл бюджетіне кәсіпкерлерден табыс салығынан 1,99 млн теңге, жеке тұлғалардың мүлік салығынан 33,4 мың теңге, жеке тұлғалардың жер салығынан 121 мың теңге түскен. Ал көлік құралдарынан түсетін салық көлемі – 3,5 млн теңге. Мұның бәрі алдын ала жасалған жоспардан кем. Түскен қаржыдан көшені жарықтандыруға 2 млн 115 мың теңге, тазалық жұмысына 200 мың теңге бөлінген. Сонымен бірге  450  мың теңге абаттандыру және көгалдандыруға жұмсалған.

- Біздің басқа да алға қойған жоспарлы істерімізді орындауға салықтан түскен қаржы жетіспейтіндіктен, демеушілермен келіссөз жасадық. Сол демеушілердің арқасында атаулы күндерде мәдени шараларды өткіздік. Батырымыз Б. Нысанбаевқа арналған бәйге жарысы жылмажыл ұйымдастырылып келеді,- дейді округ әкімі Мәмбетқали ҚҰСАЙЫНОВ.

- Салықты көбейту мақсатында өзіндік ұсынысыңыз бар ма? Табысты көбейтуді қандай жолдары бар.

- Бізде бірнеше шаруа қожалықтары бар. Олар көбіне салыққа өз кірістерін дұрыс көрсетпейді. Осы бағытта шаруа қожалықтарына салық органы қадағалауды күшейтсе деймін.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

17 қазан 2018, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.