Атырау, 25 қараша 17:32
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Латын әліпбиін таныстыру семинары өтуде

2 661 просмотра


11-12 қазанда Атыраудагі Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөнінде көшпелі семинар-тренинг өтуде. Іс-шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған, спикері - астаналық қоғам қайраткері, «Үш байлық» ҚБ директоры Оразгүл АСАНҒАЗЫҚЫЗЫ. Кіру тегін, ниет білдірушілердің барлығы талқылауға қатыса алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тренингтер Атырау облысының 6 ауданында өткізілген, ал мұнай астанасынан кейін О. Асанғазықызы Құрманғазы ауданына барады.

Естеріңізге салсақ, биылғы ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитін бекітті. Ал  сәуір айында Білім және ғылым министрлігі «2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшу кестесін» жариялады.

Нұргүль ХАЙРУЛЛИНА

11 қазан 2018, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.