Атырау, 16 қазан 17:43
 дождьВ Атырау +21.7
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

Астанада телефонға алаңдаған жүргізуші адам өліміне себепкер болып, сотталды

121 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Астанада рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды қағып кетіп, оның өліміне себепкер болды.

Оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші жол ережесін бұзып, назарын ұялы телефонға аударған. Сол сәтте өткелден өтіп бара жатқан 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмды.

Сотталушының кінәсі сот отырысында толық дәлелденді. Сот шешімімен ол 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан шектеледі. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы барша жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, әсіресе көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланбауға шақырады.

Бүгін, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.